Шешуі: A=T=25%
100%-(25%+25%)=50%
Г=Ц=50%/2=25%
Жауабы: Г=Ц=25%,А=25%
454. ДНҚ молекуласында нуклеотидтердің 31% -ы аденин. Бұл молекулада цитозині бар нуклеотидтер қанша?
Шешуі: А=Т=31%,
100%-(31%+31%)=38%
Ц=Г=38%/2=19%
Жауабы: 19% цитозин
455. Чаргафф ережесіне сәйкес келмейтіні қайсысы? Чаргафф ережесі : 1.Аденин саны тиминге, ал гуанин саны цитозинге тең: A=T , Г=Ц. 2.Пуринның саны пиримидиннің санына тең А+Г=Т+Ц.
456. ДНҚ молекуласының бір тізбегі нуклеотидтерден тұрады: АТЦАЦЦЦГ ДНҚ молекуласының екінші тізбегінің нуклеотидтік қатары қандай? +ТАГТГГГЦ
457. Ағзалардың ерекшелігін көрсететін нуклеотидтердің арақатынасы? А+Г/Ц+Т=1
458. Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) генетикалық ақпараттың тасымалдаушысы, оның құрылымдық мономері НУКЛЕОТИД
459. Ақпаратты РНҚ-ның пісіп жетілу үрдісінде арнайы ферменттердің көмегімен интрондар қырқылып және экзондар тігіледі (процессинг). Геннің ақпаратты бөлігі қалай аталады? ЭКЗОН
460. Адам жасушасында транскрипция процесі жүріп жатыр. РНК-полимеразаға тәуелді ДНК бойымен жылжитын фермент белгілі бір нуклеотидтер тізбегіне жеткенде транскрипция процесі тоқтады. Осы ДНК бөлігі қалай аталады? Терминаторлық Учаске
461. Полипептид молекуласындағы аминқышқылының қалдықтарының тізбегі белгіленеді. ДНҚ-ның мұндай бөлігінде нуклеотидтердің белгілі бір орналасуына сәйкес келетін ген? Структуралық гендер (құрылымдық)
462. Эукариот гендерінің құрылымдық бөлігі мағыналы және мағынасыз бөліктерден тұратыны белгілі. Полипептидтік тізбектегі аминқышқылдарының реті жайында ақпарат бермейтін геннің бөлігі қалай аталады? +Интрон
463. Транскрипция кезінде РНҚ полимеразалары байланысатын, құрылымдық гендердің алдында орналасқан нуклеотидтер тізбегі. Осы реттеуші қатарды анықтаңыз? ПРОМОТОР
464. Транскрипцияның басталу нүктесінен сол жақта орналасқан нуклеотидтер тізбегі (100-200 жұп нуклеотид). реттеуші бөліктен тыс орналасқан және транскрипцияның жылдамдығын жоғарылатады. Осы реттеуші қатарды анықтаңыз? Энхансер
465. Өздері бақылайтын геннен едәуір алыс орналасқан және транскрипция жылдамдығын төмендететін нуклеотидтік қатарлардың арнайы жүйесін анықтаңыз? Сайлансер
466. Прокариоттарда полипептидтік тізбектердің синтезделуі санын анықтау үшін ақпаратты болатын геннің бөлігі Экзон
467. Құрылымдық гендердің алдында орналасып, транскрипцияның аяқталуы (терминация) жайлы белгі беретін арнайы нуклеотидтер жүйесі.Осы реттеуші қатарды анықтаңыз? Аттенуатор
468. Репликация үрдісі кері 3'→ 5 ' экзонуклеазды белсенділігі бар, қате бұрыс синтезделген нуклеотидтерді түзеуге қабілетті фермент ДНК полимерза І
469. Репликация үрдісі басталуы ДНҚ молекуласының арнайы нуклеотидттер (АТ) орналасқан орындарда қос тізбек арасындағы сутекті байланыстар үзілуімен жүреді. Сутекті байланыстарды үзетін фермент Геликаза
470. Сызықты ДНҚ молекуласында хромосоманың теломерлік аймақтары толық репликациялануы жүрмейді, бірақ кейбір жасушаларда хромосоманың теломерлік аймағы арнайы ферменттің көмегімен толығымен репликацияланады. Бұл қандай фермент? ТЕЛОМЕРАЗА
471. Репликация үрдісі геликаза ферменті ДНҚ молекуласының арнайы нуклеотидтік (АТ) қатарларды танып, қос тізбек арасындағы сутекті байланыстарды үзеді. Репликация кезеңін анықтаңыз ИНИЦИАЦИЯ
472. Репликация үрдісінде ДНҚ жаңа тізбектерін синтездеу үшін ДНҚ полимеразаға праймер қажет. Праймер синтездеуші фермент: РНК ПРАЙМАЗА-полимераза үшін праймер синтездейді, (ДНК праймаза-ДНК-ның артта қалған тізбегінде)
473. Репликация кезінде праймерлер ДНҚ полимеразаны активтендіргеннен кейін, арнайы ферменттер көмегімен жеке нуклеотидтерге ыдырауы жүреді. Праймерді ыдырататын фермент- эндонуклеаза көмегімен алынып тасталады.
474. ДНК тізбегін ажырататын фермент қандай нөмермен белгіленгенін анықтаңыз және қалай аталады? 9- Геликаза
475. Репликативті айырды тұрақтандыратын фермент қандай нөмермен белгіленгенін анықтаңыз және қалай аталады? 10-ssb белок
Достарыңызбен бөлісу: |