ДНҚ биополимер,оның мономері- нуклеотидтер. Нуклеотидтер – нуклеин қышқылдарын құрайтын негізгі құрылымдық бірлік.
Нуклеотидтер бір-бірімен ковалентті байланыс арқылы байланысқан 3 түрлі химиялық бөліктен тұрады:
1.Көміртектің бес атомы бар қант (ДНҚ молекуласында дезоксирибоза, ал РНҚ-да – рибоза);
2.Қанттың 1-көміртек атомымен ковалентті байланысқан пуриндік немесе пиримидиндік азоттық негізі бар. ДНҚ молекуласының құрамына пуринді негіздер – аденин (А), гуанин (Г) және пиримидинді негіздер – цитозин (Ц), тимин (Т) кіреді. Нуклеотидтердің 3-бөлігін фосфатты топтар (фосфор қышқылының бір немесе бірнеше қалдығы) құрайды.
Фосфатты - көміртегі атомы арасында фосфодиэфир-лік байланыстар құру арқылы полимерлі тізбек түзеді.
Бір тізбектегі аденинмен екінші тізбекте-гі тимин екі сутектік байланыс арқылы, ал бір тізбектегі гуанин мен екінші тізбектегі цитозин үш сутектік байланыс арқылы жалғанып,бір-біріне сәйкес келуін, ДНҚ тізбегіндегі комплементар-лық деп аталады
ДНҚ құрылымы
ДНҚ-ның құрылым ерекшелігі
ДНҚ-биополимер.ДНҚ қос шиыршығының бір орамында ұзындығы 3,4 нм-ге тең 10 нуклеотидтік қалдық бар. Қос шиыршық өз осьінің маңында оңға қарай оралып шиыршық түзетіні анықталды
ДНҚ молекуласының құрылымы екі түрге бөлінеді. Бірінші реттік құрылым шиыршық тәрізді иілген полинуклеотидті тізбек.ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің жазылуы 5'- басталады және 3'-соңында аяқталады. Қаңқасы фосфат топтарымен байланысқан дезоксирибоз деп аталатын ұзын қант молекулаларының тізбегі негіздерді ұстап тұрады. Қос шиыр-шықты молекула-бұл екінші реттік құрылым
ДНҚ-ның құрылымдық деңгейлері
Әр тізбектің 3'- бағыттығы (дизоксирибоза) және 5' бағыттағы (фосфатты) ұшы болады.
Қаңқасы
ДНҚ-ның құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнатады.
Дескриптор:
Тапсырма №1 ДНҚ-ның құрылымы мен қызметін жазу
1.Пуринді және пиримидинді мононуклеотидтер ерекшелігі неде ? 2. ДНҚ-ның қос шиыршықты құрылымының қызметі қандай ?