Оқу жылы Қоректік заттардың қорытылуына жауап беретін органоид: лизасома



бет249/279
Дата13.07.2023
өлшемі2,98 Mb.
#104298
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   279
Байланысты:
Оқу жылы Қоректік заттардың қорытылуына жауап беретін органоид -emirsaba.org

7.ДНҚ зақымдалуларының типтері. ДНҚ молекуласы спонтанды немесе индуцирленген орта факторларының әсерінен үнемі химиялық өзгерістерге ұшырап отырады.Спонтанды өзгерістерге жатады: 1) репликкция қателіктері (коплементарлы емес нуклеотидтердің түзілуі - мисмэтчтер); 2) апуриндену (азоттық негіздің қант-фосфаттық құрамынан ажырауы – АР сайттарының түзілуі); 3) дезаминдену (амин тобының азоттық негізден ажырауы); 4) метилдену (алкилирлену); 5) тотығу.Индуцирленген зақымдануларға жатады: 1) димерлердің түзілуі (қатар орналасқан пиримидиндік негіздердің димер түзіп байланысуы); 2) пуриндік сақинаның ажырауы; 3) ДНҚ молеуласындағы бір тізбекті немесе екі тізбектік үзілулер; 4) ДНҚ тізбектерінің тігілуі т.б.
  • ДНҚ репарациясы генетикалық материалдағы өзгерістерді-мутациялардың алдын алады. ДНҚ репарациясына 150-ден астам ферменттер қатысады.Қазіргі уақытта репарацияның көптеген реакциялары сипатталған. Кейбіреулері қарапайым түрде және мутагендер әсер еткеннен кейін бірден іске асады. Келесі түрлері, жаңа ферменттердің синтезін қажет етеді, сондықтан уақыты бойынша ұзағырақ. Ал кейбір түрлері жасуша қайтадан бөлінуге көшкенге дейін іске асады. Ал келесі бір түрлері жасуша бөлінуді аяқтағаннан кейін де іске асады (мұнда геномдағы кейбір өзгерістер сақталып, репарацияланбай қалады). Жасуша өз тіршілігін жаңа мутацияларды енгізу арқылы «сақтауға тырысатын» ерекше таңқаларлық реакциялар да бар.




  • 8.Репарация,түрлері және оның механизмдері.Репарация-тірі ағзалардың мутагендік факторлар әрекетіне байланысты ДНҚ молекуласында пайда болған бұзылуларды қалпына келтіру қасиеті.Репарация құбылысы тек ДНҚ құрылысындағы мутациялық бұзылуларды жөндеуде ғана емес,тұқым қуалайтын аурулардың қалыптасуында,ерте қартаю процесінде,жасушалардың ісіктік трансформациясында маңызды рөл атқарады.Репарацияның бірнеше түрі бар: фотореактивация-– УКС әсерінен пайда болған ДНК молекуласындағы зақымдалулардың көрінетін жарық әсерінен қалпына келуі.1958 жылы алғаш рет фотореактивацияны іске асыратын фермент фотолиаза бөлініп алынды. Ультракүлгін сәулесінің әсерінен ДНҚ молекуласында көршілес орналасқан пиримидиндер арасында димерлердің түзілуіне Т=Т, Т=Ц, Ц=Ц алып келетін байланыстар пайда болуы мүмкін.Фотореактивацияның мәні - фотолиаза ферменті пиримидиндер арасында пайда болған байланысты үзіп, ДНҚ молекуласының бастапқы құрылысын қалпына келтіреді. Жарық фотолиаза ферментін белсенді етеді, содан кейін ДНҚ молекуласындағы димерлер табылады, онымен байланысып пиримидиндік негіздер арасындағы байланыс үзіледі. Осыдан кейін фотолиаза ДНҚ молекуласынан ажырайды.Осымен ДНҚ молекуласы құрылысының тікелей қалпына келуі аяқталады. Бұл қазіргі уақытқа дейін табылған белсендендіруші факторы химиялық энергия емес жарық болып табылатын жаңғыз ферменттік реакция. Репарацияның барлық басқа типтерінде жарық энергиясын қажет етпейді.




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   279




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет