Оқу жылы Қоректік заттардың қорытылуына жауап беретін органоид: лизасома



бет244/279
Дата13.07.2023
өлшемі2,98 Mb.
#104298
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   279
Байланысты:
Оқу жылы Қоректік заттардың қорытылуына жауап беретін органоид -emirsaba.org

21) Генетикалық кодтың қасиеттері 1.Триплеттілігі, яғни үш азотты негіз (триплет немесе кодон) полипептидтік тізбектегі бір аминқышқылын анықтайды;2. Үздіксізділігі немесе генетикалық код арасында үтір жоқ -тізбектеліп жазылған кодондар арасында тыныс белгілері болмайды және ақпарат үздіксіз оқылады; 3. Полярлылығы- ақпараттың оқылуы тек бір бағытта 51-31жүреді;4.Қайта жабылмайтындығы кодондар бір бірін жаппайды, әр нуклеотид тек бір кодонның құрамына кіреді, қатар тұрған басқа кодондар құрамына ене алмайды, сондықтанда кодон генетикалық ақпаратың оқылуының элементарлық бірлігі деп саналады; 5. Коллинеарлылығы ДНҚқатарындағы кодондардың реті ақуыздың полипептидтік тізбегіндегі аминқышқылдарының ретіне сай келеді;6.Артықтылығы бір аминқышқылы бірден артық кодон санымен анықталынады. Генетикалық код 64 кодоннан тұрады, оның 3 нонсенс-кодондар (мағынасыз), қалғаны ( 61) мағыналы, яғни (20) аминқышқылдарын кодтайды. Сондықтанда бір аминқышқылы 1 - 6 әртүрлі кодондарман анықталынады; 7. Арнайылығы - әр кодон тек белгілі бір аминқышқылын анықтайды;8.Универсальдығы - генетикалық код барлық тірі ағзаларда бірдей, яғни кез келген триплеттің мағынасы бір және белгілі бір аминқышқылын ғана кодтайды.



  • 22) Трансляция, анықтамасы, кезеңдеріТрансляция - полипептидтік тізбектің (ақуыздың) матрицалық синтезделу үдерісі. Трансляция рибосоманың, р-РНҚ т-РНҚ, а-РНҚ, аминқышқылы және ферменттердің қатысуымен цитоплазмада өтеді, мұнда т-РНҚ-ны өзіне тән аминқышқылымен байланыстыратын аминоацил-т-РНҚ-синтетазаның және полипептидтік тізбекке аминқышқылдарын тізбектейтін пептидил-трансфераза ферменттерінің ролі ерекше. Трансляцияға бос аминқышқылдары емес, керісінше амино-ацил-т-РНҚ-мен (аа-т- РНҚ) активтенген аминқышқылдары қатысады. Әрбір 20 түрлі аминқышқылының өздеріне тән ерекше т-РНҚ болады, яғни әрбір 20 аминқышқылы өздерінің т-РНҚ-ның (аа-т-РНК Мет) акцепторлық ілмектерімен байланысады. Трансляция кезеңдері: инициация, элонгация жәнетерминация.




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   279




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет