Оқу жылы Қоректік заттардың қорытылуына жауап беретін органоид: лизасома


Репарация,түрлері және оның механизмдері



бет352/399
Дата11.05.2022
өлшемі7,08 Mb.
#34026
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   399
8.Репарация,түрлері және оның механизмдері.Репарация-тірі ағзалардың мутагендік факторлар әрекетіне байланысты ДНҚ молекуласында пайда болған бұзылуларды қалпына келтіру қасиеті.Репарация құбылысы тек ДНҚ құрылысындағы мутациялық бұзылуларды жөндеуде ғана емес,тұқым қуалайтын аурулардың қалыптасуында,ерте қартаю процесінде,жасушалардың ісіктік трансформациясында маңызды рөл атқарады.Репарацияның бірнеше түрі бар: фотореактивация-– УКС әсерінен пайда болған ДНК молекуласындағы зақымдалулардың көрінетін жарық әсерінен қалпына келуі.1958 жылы алғаш рет фотореактивацияны іске асыратын фермент фотолиаза бөлініп алынды. Ультракүлгін сәулесінің әсерінен ДНҚ молекуласында көршілес орналасқан пиримидиндер арасында димерлердің түзілуіне Т=Т, Т=Ц, Ц=Ц алып келетін байланыстар пайда болуы мүмкін.Фотореактивацияның мәні - фотолиаза ферменті пиримидиндер арасында пайда болған байланысты үзіп, ДНҚ молекуласының бастапқы құрылысын қалпына келтіреді. Жарық фотолиаза ферментін белсенді етеді, содан кейін ДНҚ молекуласындағы димерлер табылады, онымен байланысып пиримидиндік негіздер арасындағы байланыс үзіледі. Осыдан кейін фотолиаза ДНҚ молекуласынан ажырайды.Осымен ДНҚ молекуласы құрылысының тікелей қалпына келуі аяқталады. Бұл қазіргі уақытқа дейін табылған белсендендіруші факторы химиялық энергия емес жарық болып табылатын жаңғыз ферменттік реакция. Репарацияның барлық басқа типтерінде жарық энергиясын қажет етпейді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   399




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет