Оқу жылы Қоректік заттардың қорытылуына жауап беретін органоид: лизасома



бет357/399
Дата11.05.2022
өлшемі7,08 Mb.
#34026
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   399
16.Апоптоз анықтамасы типтері Жасушалар белгілі бір уакыт аяғында қызмет атқарады және олардың тіршілігі өліммен аяқталады.Барлғы болмаса да, көпшілік жасушалар ағзаға қажетсіз болғанда немесе көп зақымдалған жағдайларда ішкі генетикалық бағдарламалардың активтелуі нәтижесінде өзін-өзі жою қабілетіне ие болады. Бұл жасушаның жойылу түрі апоптоз деп аталады.Жасушаның бағдарланған өлімі барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адамға да тән.. Жойылған жасушалардың орны бөліну нәтижесінде пайда болған жас жасушалармен толықтырылып отырады.Бағдарланған жасуша өлімінің екі типін ажыратады: «ішкі» апоптоз және «бұйрық бойынша» апоптоз.

  • «Ішкі» апоптоз - жасушаның өзіне деген қанағаттанарлықсыз жағдайынан болады.а) хромосомалардың қатты зақымдалуы (репарацияланбайтын немесе нашар репарацияланатын): хромосомалардың дұрыс сегрегацияланбауы, ДНҚконформациясын бұзатын көптеген үзілулер, тізбектер арасындағы тігілулер және т.б.

  • б) жасуша ішілік мембраналардың оның липидтерінің күшті тотықтырғыштар нәтижесінде зақымдалуы.«Ішкі» апоптоз жасушаның генетикалық материалы, органоидтары зақымдалғанда және қартайғанда іске қосылады. Апоптозға алып келетін жасушаның құрылымының бұзылары өте күшті болмауы керек.«Бұйрық бойынша» апоптоз мембрана немесе жасуша ішілік рецепторлар арқылы берілетін сыртқы «негативті» синал арқылы іске асады.Жалпы алғанда жасуша тіршілікке қабілетті, бірақ ағза тұрғысынан қарағанда, ол қажетсіз тіпті қауіпті болуы мүмкін. Апоптоздың бұл түрі онтогенездің белгілі бір кезеңдерімен байланысты: эмбриогенезде бірқатар негіздердің және пронефростың редукциялануы, эмрионалдық дамудың морфогенезінде саусақ аралық «жарғақшалардың» жойылуы.«Бұйрық бойынша» апоптоз иммундық жүйенің қалыптасуы мен қызмет атқаруында да маңызды: Т және В лимфоциттерінің аутоиммундық клондарының жойылуы.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   399




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет