527. Ген өз әсерін гомозигота және гетерозигота әйелдерде, ал еркектердің гемизиготаларында көрсетеді. Келтірілген тұқым қуалау типтерінің қайсысы осы жағдайға үйлесімді?
1) Х- хромосомамен тіркес доминантты+
2) Х- хромосомамен тіркес рецессивті
3) аутосомды- доминантты
4) аутосомды- рецессивті
5) толық емес доминантты
528. Әкесінде тіс эмалінің гипоплазиясы бар, анасында аномалия жоқ отбасында, гипоплазиясы бар қыз туылды. Келесі қыздың осы аномалиямен туылу мүмкіндігі қандай?
1) 100%+
2) 75%
3) 50%
4) 25%
5) 0%
529. АаВв генотипі бар дараның Ав/аВ гендері 6 морганид қашықтықта орналасқан.
Келтірілген кроссоверлі гаметалар % қанша болуы мүмкін?
1) 1%
2) 2%
3) 3%
4) 4%
5) 6% +
530. Әкесі гемофилиямен, ал анасы дальтонизммен ауырады.
Ұлдарында екі патологияныңда бірдей көріну мүмкіндігі қандай?
100 %
50 %
25 %
12,5 %
0% +
531. Әкесі гемофилиямен ауру, анасы сау және сау отбасынан шыққан.
Осы отбасында ауру қыздардың туылу мүмкіндігі қандай?
1) 15%
2) 25%
3) 50%
4) 75%
5) 0%+
532. Отбасында анасы сау, әкесінде полидактилия (аутосомды-доминантты белгі, пенетранттылығы 50%) кездеседі және гетерозиготалы.
Ауру баланың туылу мүмкіндігі қандай?
1) 0%
2) 25%+
3) 50%
4) 75%
5) 100%
533. Отбасында анасы сау, әкесі катаракта (аутосомды-доминантты белгі, пенетранттылығы 60%) ауруы бойынша гетерозиготалы.
Ауру баланың туылу мүмкіндігі қандай?
1) 0%
2) 10%
3) 20%
4) 30%+
5) 40%
534. Адамның есту қабілетіне комплементарлы екі доминантты аллельді емес Д және Е гені жауап береді.
Төменде келтірілген генотиптердің қайсысы қалыпты еститін адамдарға тән?
1) ддее
2) ддЕе
3) ДдЕе+
4) ДДее
5) Ддее
535. Адамның есту қабілетіне комплементарлы екі доминантты аллельді емес Д және Е гені жауап береді.
Төменде келтірілген генотиптердің қайсысы естімейтін адамдарға тән?
1) ДДЕЕ
2) ДдЕе
3) ДдЕЕ
4) ддЕЕ+
5) ДДЕе
536. Доминантты эпистаз эпистаздық (І) генінің әсері басқа доминантты (С) пигментін синтездейтін геннің әсерін басып тастауымен анықталады.
Төменде келтірілген генотиптердің қандай үйлесімі түрлі-түсті қауырсынды тауықтың генотипіне сай келеді?
1) ссіі
2) ССіі +
3) СсІі
4) ССІІ
5) ССІі
537. Ата-аналарының қан топтары ІІ және ІІІ, гомозиготалар.
Төменде келтірілген жауаптар ішінен осы отбасының балаларының қан топтарының қайсысы НАҚТЫ сәйкес келеді ?
1) 0
2) І
3) ІІ
4) ІІІ
5) IY+
538. Төменде келтірілген антигендердің қайсысы АВО жүйесі бойынша ІІ қан тобына сәйкес келеді?
1) А+
2) В
3) АВ
4) М
5) N
539. Адамның АВО жүйесі бойынша қан тобы екі доминантты ІА, ІВжәне бір рецессивті ІО аллельдермен кодталған.
Төменде келтірілген гендер әсерінің қай түрі IY қан тобын НАҚТЫ анықтайды?
1) эпистаз
2) полимерия
3) рецессивтілік
4) кодоминанттылық +
5) комплементарлық
540. Адамдағы интерферон синтезделуі екі генге байланысты, оның біреуі 2 хромосомада, ал екіншісі 5 хромосомада орналасқан.
Төменде келтірілген жауаптардың қайсысы осы гендердің өзара әсерін НАҚТЫ
анықтайды?
1) эпистаз
2) полимерия
3) кодоминанттылық
4) комплементарлық+
5) толымсыз доминанттылық
541. Тышқандардың ақ түсі (альбинизм) В доминантты немесе в рецессивті геніне тәуелсіз рецессивті (а) генімен анықталады.
Төменде келтірілген генотиптердің қайсысы альбиностарға НАҚТЫ сәйкес келеді?
1) Аавв
2) АаВв
3) ААвв
4) ААВв
5) ааВВ+
542. Төменде келтірілген бұзылыстардың қайсысы апоптоздың болмауынан дамиды?
гиперплазия
синдактилия+
крипторхизм
полидактилия
клинодактилия
543. Ортаңғы сызық бойынша жұлын жарығымен бала туылған.
Төменде келтірілген жауаптардың қайсысы осы патологияның себебі болады?
апоптоздың бұзылуы
ата-анасының жыныс жасушаларының мутациясы
эмбриональді құрылымдардың сақталынуы
пролиферацияның тежелуі және тоқтап қалуы+
аналық ДНҚ генетикалық бағдарламасының ұрық геномында іске қосылуы
544. Қандай жасушалық механизмдердің бұзылуы «қасқыр таңдай» ақаулығына әкеледі?
некроз
569. Қандай эволюциялық фактор популяцияның полиморфтығын (гетерогендігін) төмендетеді?
1) мутация
2) изоляция +
3) миграция
4) панмиксия
5) аутбридинг
570. Табиғи сұрыпталудың қандай түрінде белгінің ортаңғы варианттары сақталып, шеткі варианттары жойылып отырады?
1) қозғаушы
2) бөлуші
3) бағыттаушы
4) дизруптивті
5) тұрақтандырушы+
571. Гендер дрейфі (гендер жиілігінің кездейсоқ өзгеруі) популяцияда қандай салдарға алып келеді?
1) аутбридингке
2) полиморфизмге
3) гетерогенділікке
4) генетикалық жүкке +
5) инфекциялық ауруларға
572. Астық тұқымдастарын қабылдай алмауға алып келетін ауру
1) диарея
2) целиакия+
3) қуықтың рагі
4) сүт безінің рагі
5) жүйке-психикалық бұзылыстар
573. Кейбір адамдарда тамаққа бұршақ өнімдерін пайдаланғанда гемолитикалық анемия байқалады. Аталған реакцияға қандай ферменттің синтезделуінің жеткіліксіздігі алып келеді?
1) каталаза
2) 6- меркаптопурин
3) тиопуринметилтрансфераза
4) ацетил N- трансфераза
5) глюкозо-6- фосфат дегидрогеназа +
574. Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа ферменті жеткіліксіздігі кезінде қандай өнімдерді қабылдай алмайды?