«АЛТЫН БЕЛГІ» белгісіне үміткерлер Білім басқармасы жанындағы Комиссияның құзыретіне «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлердің Қағидалар талаптарына сәйкестігін анықтау енгізілді.
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 565 бұйрығы.
2. Куәліктерді, аттестаттарды, дипломдарды және қосымшаларды толтыруды оқу орны баспа құрылғыларының көмегімен жүргізеді (компьютермен толтырылады, қолмен толтыруға рұқсат етілмейді).