Оқу жылына арналған «Қазақстан тарихы» ПӘнінен мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі



бет7/34
Дата14.05.2023
өлшемі306,08 Kb.
#93046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Ешкіөлмес петроглифтері - Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Ешкіөлмес петроглифтері Қазақстан территориясында орналасқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізімінің «Аралас (Мәдениет+Табиғат) санатына» 1998 ж. 28 қыркүйекте А.Марғұлан атындағы археология Институтының ұсынысымен ұсынылған
Аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен рулық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Қола дәуірінің 4000-нан астам петроглифтер жақсы сақталған. Жартастағы суреттер көне дәуір тұрмысының майда-мүйдесіне дейін: киімдері, құрал-саймандары туралы мәлімет беред


Тамғалы шатқалы петроглифтерінің бірегейлігі мен жалпы халықтық құндылығын әлем қоғамы мойындаған, 2004 жылы олар ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылған. Осы кезден бастап ескерткіш Бүкіл әлемдік мәдени және табиғи мұрасын қорғау жайындағы халықаралық Конвенциясының қорғауы астына алынған.
Тамғалы шатқалы Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жерде орналасқан. Тамғалы сөзінің өзі түркі тілінің тамға сөзінен шықты. Қазір осылай үй малына белгі қоятын таңбаны атайды.
Осындайға жартастар шығармашылық үшін тамаша жер болып табалады. Тегіс және тік болып келеді.
Дәл осы жерде өткен жүз жылдықтың ортасында жартас бетіндегі бейнелер, қорғандар, құрбан шалынатын жерлер және ерте замандағы адамдар мекендеген елді мекендер орналасқан бірегей ғибадатхана табылған.
Тамғалы бұл – көне көркем галерея, оның суреттерінде бөлек жануарлар мен адамдар және көне адамдар өмірінлерінде болған көріністер бейнеленген. Бұл Жетісу жартас бетіндегі суреттерінің 50 орталықтарының және Балхаш алқабы аумағының белгілі орталығы болып табылады. Тамғалыда жалпы 5000 сурет бар. Барлық табылған петроглифтер б.з.б. ХIV ғ. бастап б.з. VI -VIII ғғ. дейін, яғни қола дәуірінен бастап түркі халықтарының Ұлы даланы игеруге дейінгі кезеңмен даталанады. Бұл Қазақстанда көрсетілген ең танымал және жақсы зерттелінген ерте заман адамдарының шығармашылық ескерткіштерінің бірі болып табылады. Ғибадатхана кешенінде бірден алты хронологиялық кезеңдері көрсетліген: орта қола, кейінгі қола, ерте номадтар, сақ, үйсін және түркі кезеңдері.
Б.з.д.XIV-XII ғғ.дәіріне жататын бейнелер ең қызықты болып келеді. Дәл осы қола дәуірінің андрондық тайпаларының жартас бетіндегі суреттер тобына басы күн тәрізді тәңірінің белгілі суреті жатады. 20 ғасырдан астам уақыт бойы Тамғалы шатқалы ерте заманның адамдары магиялық және салттық рәсімдерді өткізген, рух пен тәңірлерге табынып жүрген сакралдық территория, ғибадатхана болды. Дөңгелектер, көптеген сәулелер мен нүктелерден тұрған жұмбақ сәулелері бар басы күн тәрізді антроморфтық тәңірдің белгілі суреті жартас бетіндегі суреттердің галереясында ерекше орын алады. Айта кететйн жайт, «басы күн тәрізді» тәңірлердің осындай бейнелері Қазақстан аумағындағы петроглифтердің көптеген кешендерінде кездеседі. Ғалымдардың айтуынша, Тамғалыдағы басы күн тәрізді дәулер құдайдың көне антроморфтық бейнелерінің бірі болып табылады.
Суреттер тақырыптамасы сан алуан: адамдар, жануарлар, салт аттылар, аң аулау, жабайы жануарларды аулау, адамдар өмірінің, құрбан шалу, салтты билер көріністері.

  1. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет