Ағылшын тілі
«Ағылшын тілі» пәні оқушыда өз халқының мәдениеттері мен рухани құндылықтарының диалогы, ұлттық біртектілік, азаматтық, мораль және тілдік мінез-құлық нормалары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.
Шет тілін оқытудағы бастауыш білім деңгейі қарапайым деңгейді меңгеруге бағдарланған және тілді меңгерудің Жалпыеуропалық құзыреттіліктеріне (CEFR) сәйкес А1 қатысты болады (түрткілеу деңгейі -
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
Breakthrough).
Табиғи тілдік орта болмаған жағдайда ағылшын тілін меңгеруді табиғи жағдайларға жақындату мақсатында келесі дидактикалық қағидаларды басшылыққа алу маңызды: оқу материалын азайту, коммуникативтік және функционалдық, кешендік, тәрбиелеп оқыту, белсенділік, көрнекілік, материалды жағдаятты-тақырыптық ұйымдастыру, жүйелілік және бірізділік, меңгерудегі орнықтылық, қолжетімділік (шамаға лайықтылық, дараландыру және сараландыру.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында 66 сағатты құрайды.
« Математика және информатика» білім беру саласы «Математика» пәнін қамтиды.
Математика
Математика пәні бастауыш білім деңгейінде «Математика» білім саласындағы кіріктірілген пән. Оны игеру 1 000 000-ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектеп деңгейінде білімді жалғастырудан тұрады.
1-сыныпта 0 санынан 20 санына дейінгі сандармен; 10-ға дейінгі сандарды қосу мен азайту арифметикалық амалдарымен; «ондық», «жүз» сандарымен таныстыру басталады; 2-сыныпта қарастырылатын 100-ге дейінгі сандарды игеруге дайындық жүргізіледі.
3-кесте – 1-сыныпта «Математика» пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмыстарының түрлері және саны
Сынып
Жұмыс түрлері
1
2
3
4
тоқсан
тоқсан
тоқсан
тоқсан
1 сынып
Бақылау жұмысы
-
-
3
3
Өзіндік жұмыс
-
-
3
3
Барлығы
-
-
6
6
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 4 сағат, оқу жылында 132 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |