Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


«Жаратылыстану» білім беру саласы



бет23/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   127
«Жаратылыстану» білім беру саласы «Жаратылыстану» пәнін қамтиды.

Жаратылыстану
«Жаратылыстану» оқу пәні «Адам – Табиғат» жүйесі шеңберінде қарапайым ғылыми білім деңгейін қамтамасыз етеді. Ол «Биология», «Физика» және «Химия» дербес пәндерін білім берудің келесі деңгейлерінде оқытудағы кіріспе курс болып табылады, сондай-ақ білімнің кез келген саласы үшін маңызды болып табылатын зерттеу дағдыларының негізін қалайды.

42


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы



Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.

«Адам және қоғам» білім беру саласы «Дүниетану», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.

Дүниетану

«Дүниетану» пәнінің мазмұны осы пән қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарының кіріспе курсы болып табылатындай өзгертілген. Ол Қазақстан халқының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік жақтарының жалпы бейнесін көрсетеді, оқушыларда ең алдымен өзі, үйі және отбасы туралы сұрақтар негізінде қоршаған әлем туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.



Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.

Өзін-өзі тану
Бастауыш сыныпқа арналған өзін-өзі тану бағдарламасы білім берудің құндылықты мәнін күшейте отырып адамның сүю, өзіне сену, жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету, өзіне және өзгелерге қамқорлық жасау, позитивті ойлау, адамгершілік таңдау жасау, дәстүрлерді бағалау және еселеу, қалыптастыру, өзіне жауапкершілік алу, өз бетінше кемелдену қабілеттерін ашуға бағытталған.

Бағдарлама мазмұны өзін тану, өз қылықтарын салыстыру, талдау, олардың этикалық мазмұнын көру мен бағалауын көздейді.



Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.

«Технология және өнер» білім беру саласы «Музыка», «Көркем еңбек» пәндерін қамтиды.

Музыка
Бастауыш мектептегі «Музыка» пәні мазмұнының ерекшелігі болып табылады: қазақ музыкалық фольклорының, дәстүрлі, классикалық және қазіргі музыканың ең озық үлгілерін; музыкалық сауаттылық негіздерін; тәжірибелік дағдыларды іске асыруда музыкалық материалды (композиторлар, халықтық және классикалық музыкалық аспаптар, музыкалық жанрлар мен стильдер туралы мәліметтер); АКТ қолдана отырып, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, суырып салуға арналған музыкалық -шығармашылық тапсырмаларды қамту; музыканы өнердің басқа да түрлерімен және пәнаралық салалармен пәнаралық кіріктіру. Оқу бағдарламасының бөлімдері мен бөлімшелерін құру логикасы музыкалық шығарманы ұғыну мен түсіну (музыканы тыңдау және қабылдау, тыңдаған музыканы талдау және сезіну) негізі ретінде ақпаратты қабылдауға негізделген. 6 -7 жастағы балалар өз пікірін айтуға, оқыту мазмұны бойынша сұрақтар қоюға, оларға жауап табуға үйренуі

43


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

тиіс.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.



Көркем еңбек
Бастауыш сыныптардағы жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін енгізу болып табылады. Ол кеңістіктік және көру елестерін, қиялы мен байқағыштығын түрлі шығармашылық қызметте көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Түрлі материалдармен жұмыс оқушыларда технологиялық пікір қалыптастыруға, көркем-эстетикалық талғам, шығармашылық қабілет, жады, кеңістіктік қиял, фантазия, қол моторикасын дамытуға, көз мөлшерін жетілдіруге ықпал етеді.


Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет