ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



Pdf көрінісі
бет14/21
Дата06.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
#8315
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

Геометрия  
Жалпы  орта  білім  беру  деңгейіндегі  геометрия  курсының  мазмұны 
кеңістіктегі  геометриялық  фигураларды  және  олардың  қасиеттерін, 
геометриялық шамаларды өлшеуді оқып білуді қарастырады.  
10-11-сыныптарда  геометрия  курсын  оқып  білу  интеллектуалды  дамыған 
тұлғаны тәрбиелеуде логикалық ойлауды одан әрі дамыту; тұрақты кеңістіктік 
түсініктерді  және  кеңістіктік  елестерді  дамыту;  кеңістіктік  фигураларды 
кескіндеу дағдыларын дамыту; геометриялық білім негізінде практикалық және 
математикалық  іс-әрекеттер  дағдыларын  дамыту;  бейнелік  ойлауды  дамыту; 
функционалдық 
сауаттылықты 
дамыту; 
графикалық 
сауаттылықты, 
эстетикалық  талғамды  дамыту;  геометрия  тарихымен  және  оның  ғылыми-
техникалық  прогрестің  дамуына  әсерін  таныстыру  арқылы  тұлғаның 
мәдениетін тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.  
Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-
11-сыныптарда  геометрия  курсын  оқу  пәні  ретінде  оқытудың  мақсаты  – 
барлық  оқушыларды  одан  әрі  жоғары  мектепте  оқуын  жалғастыруы  үшін 
геометрия  аймағындағы  математикалық  дайындықтың  қажетті  деңгейімен 
қамтамасыз  ету;  оқушыларға  сабақтас  пәндерді  оқып  білуге  қажетті 
геометриялық білім мен біліктер жүйесін меңгерту болып табылады.  
Қоғамдық-гуманитарлық  бағытындағы  10-11-сыныптарда  геометрияны 
оқытудың  міндеттері:  болашақ  практикалық  қызметіне  қажетті  негізгі 
стереометриялық  деректер  мен  әдістер  туралы  білім  жүйесін  қалыптастыру; 
дедукциялық ойлау (тура әдіс, қарсы ұйғару әдісі) дағдыларын дамыту; жазық 
және  кеңістіктік  фигуралардың  қасиеттері  туралы  теориялық  білім  қорын 
кеңейту;  кеңістіктік  фигуралардың  кескіндерін  салу  біліктігі  мен  дағдыларын 
дамыту;  күрделілігі  әртүрлі  суреттердегі  геометриялық  фигураларды  танып 
білу,  есептерді  шешу  кезінде  қосымша  салулар  мен  көмекші  сызбаларды 
пайдалану  біліктігі  мен  дағдыларын  дамыту;  нақтылы  объектіні  бір  немесе 
бірнеше  геометриялық  фигуралар  түрінде  бере  білу  біліктігі  мен  дағдыларын 
дамыту;  есептеуге  және  дәлелдеуге  арналған  геометриялық  есептерді  шешу 
біліктігі  мен  дағдыларын  дамыту;  геометриялық  есептерді  шешуде  алгебраны 
және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту; практикалық 
мазмұнды  есептерді  шешуде  геометриялық  әдістерді  қолдану  біліктігі  мен 
дағдыларын қалыптастыру.  
Жаратылыстану-математикалық 
бағытындағы 
10-11-сыныптарда 
геометрия курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты – барлық оқушыларды 
одан  әрі  математика  облыстарында  білім  алуын  жалғастыруы  мен  өздігінен 
әрекет  етуі  үшін,  сонымен  қатар  болашақ  кәсіби  қызметі  үшін  геометрия 
аймағындағы  математикалық  дайындықтың  қажетті  деңгейімен  қамтамасыз 
ету.  

113 
 
Жаратылыстану-математикалық 
бағытындағы 
10-11-сыныптарда 
геометрияны  оқытудың  міндеттері:  кеңістіктік  фигуралардың  қасиеттері 
туралы білім жүйесін қалыптастыру; кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу 
барысында  формалды-логикалық  ойлау  дағдыларын  дамыту;  кеңістіктік 
фигуралардың  кескіндерін  және  осы  кескіндерде  қосымша  салуларды  салу 
біліктігі  мен  дағдыларын  дамыту;  сызбалардағы  кескіндері  бойынша  жазық 
және  кеңістіктік  геометриялық  фигураларды  танып  білу  біліктігі  мен 
дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың симметриялары туралы тұрақты 
түсініктерін  қалыптастыру;  геометриялық  шамаларды  өлшеу  туралы  білім 
жүйесін  қалыптастыру;  есептеуге  және  дәлелдеуге  арналған  геометриялық 
есептерді  шешу  біліктігі  мен  дағдыларын  дамыту;  геометриялық  есептерді 
шешуде  алгебраны  және  тригонометрияны  қолдану  біліктігі  мен  дағдыларын 
дамыту;  нақтылы  объектіні  бір  немесе  бірнеше  геометриялық  фигуралар 
түрінде бере білу біліктігін дамыту; практикалық мазмұнды есептерді шешуде 
геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру; жазық 
және  кеңістіктік  геометриялық  фигуралардың  қасиеттері  мен  геометриялық 
шамаларды  табу  туралы  ғылыми  ақпараттарды  жинақтай,  талдай,  өңдей  және 
пайдалана білу біліктігін дамыту; жүргізілген зерттеулерді безендіру, түсіндіру 
және  дәлелдеу  үшін  геометриялық  модельдер  мен  көрнекі  құралдарды  түсіне 
және пайдалана білу біліктігін дамыту.  
10-11-сыныптардағы  геометрия  курсында  кеңістіктегі  түзулер  мен 
жазықтықтардың  өзара  орналасуы,  екіжақты  бұрыштардың  геометриялық 
модельдерде  (призма,  пирамида,  дұрыс  көпжақтар  және  т.б.)  қарастырылуы 
көрнекіліктермен баяндалуы қажет. Бұл «Геометрия» пәнін анағұрлым көрнекті 
етуге  және  стереометрияның  теоремалары  мен  қасиеттерін  иллюстрациялауға 
мүмкіндік береді. Кеңістіктегі фигуралардың жазықтықтағы кескіндеріне және 
олардың  жазықтықпен  қималарына  назар  аударған  жөн.  Есептерді  шығару 
барысында  оқушылар  қандай  формуланы  пайдалану  керектігін,  яғни 
геометриялық  фигураның  оның  өлшемімен  байланысын  анықтап  алуы  керек. 
Кейін  есептің  шартына  байланысты  немесе  формулаға  қажетті  ішкі 
параметрлерінің  барлық  мәндерін  тауып,  формула  бойынша  есептеу  жүзеге 
асырылады.  
Қоғамдық-гуманитарлық  бағытындағы  геометрия  курсында  оқушылар 
кеңістіктік  геометриялық  фигуралармен  (екіжақты  бұрыш,  жартыкеңістік, 
көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады. Оқушылар 
кеңістіктегі  геометриялық  фигуралардың  өзара  орналасуын;  геометриялық 
шамаларды  (екіжақты  бұрыштарды,  беттің  ауданын,  геометриялық  дененің 
көлемін)  өлшеуді;  көпжақтардың,  айналу  денелерінің  және  олардың 
жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды; кеңістіктегі нүктелердің және 
векторлардың  координаталарын  оқып  біледі.  Бұл  бағытта  геометриялық  білім 
мазмұнындағы  көптеген  теориялық  деректер  дәлелдеулерсіз  қарастырылып, 
теоремалар  мен  қасиеттердің  дәлелдеулері  көрнекілік  түсініктер  негізінде 
берілуі  және  қарапайым  деңгейдегі  жаттығулармен  шектелуі  тиіс.  Жекелеген 
тараулар  түсініктермен,  дәлелдеулерсіз  және  күрделі  өзгеріссіз  оқытылуы 
қажет.  

114 
 
Жаратылыстану-математикалық 
бағытындағы 
геометрия 
курсында 
оқушылар  кеңістіктік  геометриялық  фигуралармен  (екіжақты  бұрыш, 
жартыкеңістік,  көпжақтар,  айналу  денелері)  және  олардың  қасиеттерімен 
танысады.  Оқушылар  кеңістіктегі  геометриялық  фигуралардың  өзара 
орналасуын;  кеңістіктік  фигуралардың  теңдігін;  дөңес  фигураларды; 
геометриялық  шамаларды  (екіжақты  бұрыштардың  өлшемі,  беттің  ауданын, 
геометриялық  дененің  көлемін)  өлшеуді;  көпжақтардың,  айналу  денелерінің 
және  олардың  жазықтықпен  қималарының  кескіндерін  салуды;  кеңістіктегі 
нүктелердің  және  векторлардың  координаталарын;  кеңістіктік  геометриялық 
фигуралардың  теңдеулермен  және  теңсіздіктермен  берілуін;  геометриялық 
фигураның  симметрияларын  (центрлік  симметрияны,  түзуге  және  жазықтыққа 
қатысты  симметрияларды)  оқып  біледі.  Бұл  бағытта  оқушылардың  бойында 
математикалық  мәдениеттің  қалыптасуына,  әр  оқушының  интеллектуалдық 
дамуына  және  олардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  көңіл  бөлу 
қажет.  Сонымен  қатар,  кеңістіктік  фигураларды  салуға  және  денелердің 
беттерінің  ауданы  мен  көлемін  табуға  арналған  қолданбалы  есептерді 
қарастыру ерекше орын алуы тиіс.  
«Геометрия» пәні бойынша сағат саны:  
қоғамдық-гуманитарлық  бағыт  бойынша:  10-11  сыныптарда  –  аптасына  
сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 34 сағатты құрайды;  
жаратылыстану-математикалық  бағыт  бойынша:  10-11  сыныптарда  – 
аптасына 2 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 68 сағатты құрайды.  
 
Информатика  
Бейіндік  10-11-сыныптарда  информатиканы  оқыту  мақсаты  қазіргі 
кездегі  ақпараттық  технологиялардың  теориялық  негіздері  бойынша  базалық 
білім  жүйесін  және  визуалды  программалуды  меңгеру,  оқушыларды 
ақпараттық 
мәдениетке 
қалыптастыру, 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылар 
жаңа  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  үнемі  пайдалануға 
дағдыландыру,  танымдық  және  зияткерлік  қабілеттерін  дамыту  болып 
табылады.  
Оқыту міндеттері:  
 
қажетті  нақты  міндеттерді  шешу  үшін  визуалды  программалау  және 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалана  отырып,  бастапқы 
теориялық білім мазмұның қалыптастыру;  
 
визуалды  программалау  және  мәтіндік,  сандық,  графикалық  және 
дыбыстық  ақпараттарды  өңдеу  бойынша  ақпараттық  технологиялар 
құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру;  
 
оқушыларда ақпараттық және коммуникациялық құзыреттілікті дамыту;  
 
ақпараттық іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда 
жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеу.  
Информатиканың  бірінші  сабағы,  есептеуіш  техника  кабинетінде 
қауіпсіздік  техниканың  ережелерін  және  жұмыс  орнын  ұйымдастыруына 
қайталауға  арналады.  Интернет  желісіндегі  жұмыстармен  байланысты 

115 
 
тәжірибелік  тапсырмаларды  орындау  барысында  ҚР  Заңнамасына  сәйкес 
ақпараттармен  бірге  этикалық  және  құқықтық  аспектілерге  маңызды  көңіл 
бөлінеді.  
Жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  сыныптарға  арналған 
информатика  курсында  есептерді  шешу  негізінде  жүйелік  және  алгоритмдік 
ойлауды дамыту жалғасады. Практикумдардағы жұмыс бұл іс-әрекеттің тікелей 
жалғасы болып табылады.  
Қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттағы 
сыныптардағы 
информатика 
курсының 
ерекшелігі 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
тереңдете оқыту болып табылады.  
Әр тарау соңында жобалық іс-әрекетке сағаттар қарастырылған.  
Информатиканы  және  оның  тәжірибелік  қосымшаларын  терең  оқуға 
қызығушылық  танытатын  оқушылар  үшін  таңдау  курстарын  ұйымдастыруға 
сағат сандарын көбейту мектептің құзырында.  
«Информатика»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі:  10-сыныпта  – 
аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу 
жылында 34 сағат.  
 
 
4.3 «Жаратылыстану» білім саласы  
 
География  
Жалпы орта білім деңгейіндегі «География» оқу пәнінің мазмұны алдымен, 
оқушылардың  бойында  Жер  адамзат  ғаламшары  ретінде  екендігі  туралы 
кешенді,  жүйелі  және  әлеуметтік-бағдарлы  түсінік  қалыптастыратын, 
дүниетанымдық сипатымен анықталады.  
Оқу  пәнінің  құрылымы  мен  мазмұны  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін 
ескере  отырып  әзірленген  ерекше  дидактикалық  құрылым  ретінде 
қарастырылады.  
«География»  оқу  пәнінің  мазмұны  оқушылардың  бойында  әлемнің 
географиялық бейнесі жайлы біртұтас дүниетанымдық және жалпы мәдениетін 
қалыптастыруда, сонымен қатар жалпы білімнің тәрбиелік және дамытушылық 
сұрақтарын  шешуде,  жеке  тұлғаның  әлеуметтенуі  мен  функционалдық 
сауаттылығын арттыруда үлкен рөл атқарады.  
География  оқу  пәні  ретінде  табиғат  заңдарын,  қоғамның  материалдық 
өмірін,  қазіргі  әлем  бейнесін  тануда  биология,  химия,  физика  және  басқа  да 
білімдердің өзара тығыз пәнаралық байланысын арттыруға көмектеседі.  
10-11-сыныптарда  географияны  оқыту  екі  бағытта  жүзеге  асырылады: 
қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары.  
Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  оқу  материалының  мазмұны  өскелең 
ұрпақтың  географиялық  сауаттылығын  арттыру,  экономикалық-географиялық 
мәдениетін қалыптастыру үшін қажет білім мен біліктерді қамтиды.  
Қоғамдық-гуманитарлық  бағытта  оқытудың  мақсаты  оқушылардың 
жан-жақты  экономикалық-географиялық  білімді,  табиғат,  қоғам  және 
экономиканың  өзара  байланысын  түсінуге,  функционалдық  сауаттылықты 

116 
 
тереңдетуге  және  оқушылардың  бейінді-мамандық  бағытын  анықтауға 
бағытталған.  
Жаратылыстану-математика 
бағытындағы 
оқу 
материалының 
мазмұны,  жалпы  мәдениетті  қалыптастыру  үшін  маңызы  бар  білім  мен 
біліктіліктен  басқа,  болашақта  мамандық  алу  үшін  білімді  жалғастыруға 
қажетті кең көлемді білім мен біліктілікке көп көңіл бөлінеді.  
Мақсаты  қазіргі  әлемді  оқу  барысында  оқушылардың  жан-жақты 
экономикалық-географиялық  білім  алулары,  функционалдық  сауаттылықты 
тереңдету және оқушылардың бейінді-кәсіби бағытын анықтау.  
Міндеттері:  алдыңғы  сыныптарда  оқылған  жалпы  географиялық 
заңдылықтар  туралы  білім,  ұғымдар  мен  идеялардың  негізінде  ғаламшар 
табиғатының  біртұтастығы  туралы  білім  және  көзқарасты  одан  әрі  дамыту; 
дүниежүзі  саяси  картасы  және  дүниежүзілік  шаруашылықтың  қалыптасу 
кезеңдерін  оқып-білу  үдерісінде  саяси,  географиялық  білімнің  қалыптасуын 
жалғастыру;
 
табиғат және қоғамның өзара байланысын оның қазіргі даму кезеңі 
негізінде,  қоршаған  ортаны  қорғау  және  тиімді  пайдаланудың  маңызын, 
Қазақстан  және  әлем  деңгейінде  тұрақты  даму  проблемаларын  географиялық 
тұрғыдан  түсіну;  әлеуметтік-экономикалық,  геоэкологиялық  үдерістер  мен 
құбылыстарды сипаттау және талдау үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті 
жағдайларды 
үйлесімді 
пайдалану 
біліктілігін 
меңгерту;
 
ғаламшар 
мемлекеттерінің түрлерін оқып-білу, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейі әр 
түрлі  елдердің  ерекшеліктерін  анықтау;
 
дүние  жүзінің  халықтарын,  дүние 
жүзінің  шаруашылық  жүйесін,  олардың  құрамы,  құрылымы  және 
ерекшеліктері,  халықаралық  байланыстар  және  халықаралық  экономикалық 
ынтымақтастық  туралы  оқып-білу  барысында  оқушылардың  білімін  одан  әрі 
тереңдету;
 
толеранттылыққа, өзге ұлттарды және олардың мәдениетін сыйлауға 
тәрбиелеу;  оқушылардың  бейінді-кәсіптік  бағдарларын  дамыту,  болашақ 
мамандықты 
саналы 
түрде 
таңдауға 
ықпал 
жасау; 
карталармен, 
сызбанұсқалармен, 
графиктермен, 
диаграммалармен, 
кестелермен, 
ғаламтормен, білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу кезінде ойлау 
қабілетінің  одан  әрі  дамуына  жағдай  жасау,  әр  түрлі  экономикалық-
географиялық  әдебиеттен  қажетті  материалдарды  жинақтау  және  талдау 
барысында  сөйлеу  және  көптілділік,  статистикалық,  картографиялық  және 
басқа  да  мәліметтерді  өздігінен  өңдеу  және  түсіндіру  дағдыларын  меңгерту;
 
жоғары  патриоттық  сезімді,  Қазақстан  Республикасының  Конституциясын 
құрметтеуге, белсенді азаматтық, өмірлік ұстанымды тәрбиелеу.  
«Тұрақты  даму»,  «Жасыл  экономика»  ұғымдарының  ғылыми-теориялық 
мәнін оқу, меңгеру және олардың дүниежүзілік, аймақтық, ғаламдық маңызын 
түсіну.  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  мақсатында,  Қазақстан 
Республикасы  туралы  ғаламдық  геоэкономикалық  кеңістікте  қарқынды  дамып 
келе  жатқан  ел  ретінде,  ғылыми  негізделген  көзқарасты  қалыптастыру  және 
дамыту.  
Бағдарламада  берілген  барлық  практикалық  іс-әрекеттер  тәжірибелік 
дағдыларды  дамытушы  және  қалыптастырушы  болып  табылады.  Міндетті 
түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.  

117 
 
География  пәнін  оқыту  арнайы  жабдықталған  және  қажетті  аспаптармен, 
құралдармен,  географиялық  карталармен,  атластармен,  баспа  құралдарымен, 
аудио  және  бейне  материалдармен,  оқытудың  техникалық  жабдықтарымен 
қамтамасыз етілген кабинетте жүзеге асырылады.  
География пәні бойынша сағат саны:  
қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  10-11-сыныптарда  –  аптасына  1 
сағаттан, оқу жылында – 34 сағат;  
жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  10-11-сыныптарда  – 
аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағат.  
 
Биология  
«Жалпы  биологияны»  10-11-сыныптарда  жалпы  орта  білім  деңгейінде 
оқып білу 6-9-сыныптарда негізгі орта білім деңгейінде меңгерген материалды 
тереңдетіп қарастыруға бағытталған.  
Оқытудың мақсаты тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері, 
жасушалық 
теорияның 
негізгі 
қағидалары, 
өсімдік 
және 
жануар 
жасушаларының құрылысы, органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі 
туралы  негізге  алынатын  түсініктерді,  организмдердің  жеке  даму 
заңдылықтары туралы түсініктерді, органикалық дүниенің дамуы (эволюциясы) 
негізіндегі  генетикалық  заңдылықтар  туралы  білімді,  адамның  тұқым 
қуалаушылығына  қоршаған  орта  факторларының  жағымсыз  әсері  туралы 
негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру болып табылады.  
Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-
сыныптарда «Жалпы биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің мақсаты 
барлық  оқушыларды  келесі  жоғары  мектепте  оқуы  үшін  биология  саласында 
биологиялық  дайындықтың  қажетті  деңгейімен  қамтамасыз  ету:  тірі  материя, 
оның  биологиялық  құрылым  деңгейлері  туралы  негізге  алынатын  түсініктерді 
қалыптастыру;  оқушылардың  өлі  және  тірі  материяның  жалпы  белгілерін 
ұғынуы; жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалытастыру.  
Қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттағы 
10-11-сыныптарда 
биологияны 
оқытудың міндеттері былайша анықталған: органикалық табиғат туралы, оның 
өзгергіштігі  және  тұқым  қуалаушылығы  туралы  білім  жүйесін  қалыптастыру; 
жасушадағы  органикалық  және  бейорганикалық  заттардың  рөлі  туралы  білім 
қалыптастыру,  биологиялық  заңдылықтардың  білімін  қалыптастыруда 
өзбетінше  жұмыс  істеуге  дағдылануды  дамыту;организмдердің  жеке  жаму 
заңдылықтары  туралы  көзқарастарын  кеңейту;  генетикалық  есептерді, 
молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік 
пен  дағдыны  дамыту;  түр  және  оның  критерийлері  түсініктерінің  мәнін  ашып 
көрсету, эволюциялық ілім негіздерінің білімдерін қалыптастыру.  
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағыттағы 10-
11-сыныптарда  «Жалпы  биология»  курсын  оқу  пәні  ретінде  оқып  білудің 
мақсаты  барлық  оқушыларды  келесі,  жоғары  мектепте  оқуы  үшін  биология 
саласында  биологиялық  дайындықтың  қажетті  деңгейімен  қамтамасыз  ету: 
тереңдетілген  деңгейде  тірі  материя,  оның  биологиялық  құрылым  деңгейлері 
туралы  негізгі  түсініктерді  қалыптастыру;  оқушылардың  өлі  және  тірі 

118 
 
материяның  жалпы  белгілерін  ұғынуы;  органикалық  дүниедегі  көбейу 
тәсілдерінің  және  жасушалардың  бөліну  типтерінің  білімдерін  қалыптастыру; 
жасушалық  теорияның  негізгі  қағидаларының  білімін  қалытастыру;  табиғатты 
қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының білімін қалыптастыру.  
Жаратылыстану-математика  бағыттағы  10-11-сыныптарда  биологияны 
оқытудың міндеттері былайша анықталады: органикалық табиғат туралы оның 
өзгергіштігі  және  тұқым  қуалаушылығы  туралы  білім  жүйесін  қалыптастыру; 
биологиялық  заңдылықтардың  білімін  қалыптастыруда  өзбетінше  жұмыс 
істеуге  дағдылануды  дамыту;  органикалық  дүниенің  дамуы  негізінде  жатқан 
генетикалық  көзқарастарды  кеңейту;  қоршаған  ортаны  қорғау  жұмыстарында 
және 
генетикалық 
есептерді, 
молекулалық 
биологияның 
есептерін, 
экологиялық  есептерді  шығаруда  ептілік  пен  дағдыны  дамыту;  пәннің  және 
экологиялық факторлардың рөлін ашып көрсету; экожүйе, биоценоз, биосфера 
түсініктерінің  мәнін  ашып  көрсету;  адам  әрекетінің  әсерін  және  осы  әсердің 
нәтижесін  ашып  көрсету;  табиғатты  қорғау  бойынша  қазақ  халқының  салт-
дәстүрлерін  ашып  көрсету;  эволюциялық  ілім  негіздерінің  білімін 
қалыптастыру;  тұқымқуалаушылықтың  негізгі  заңдылықтарын  ашып  көрсету; 
өзгергіштіктің  негізгі  заңдылықтарын  ашып  көрсету;  селекцияның  және 
биотехнологияның  негіздерін  сипаттау;  биосферадағы  тұрақты  тепе-теңдікті 
сақтауға  қажетті  адамның  антропогендік  әрекетінің  нәтижесін  бағалау  үшін 
биологиялық  білімді  қолдана  білуді  қалыптастыру,  өздігінен  білім  алу  уәжін 
қамтамасыз ету.  
10-11-сыныптардағы  биология  курсында  «Жалпы  биология»  бөлімін 
оқытумен ерекшеленеді.  
Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  сыныптар  үшін  оқу  материалының 
мазмұны  болашақ  ұрпақтың  биологиялық  сауаттылығын  жетілдіруге 
бағытталған.  
Жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 
сыныптар 
үшін 
оқу 
материалының  мазмұны  оқушылардың  биологиялық  мәдениетін  дамытуға, 
алдыңғы сыныптарда меңгерген білімдерін тереңдетуге бағытталған.  
Жалпы  биологияны  жаратылыстану-математикалық  бағыт  аясында  оқыту 
бүгінгі  күнде  биологиялық  ғылым  дамуының  негізгі  бағыттарын  бейнелейтін 
жуйелі  оқытуды  ұйымдастыруды  ойластырады.  Сонымен  қатар  биология 
сабақтарында  өзекті  экологиялық  пролблемаларды  шешу  де  қарастырылуы 
тиіс.  
Биология 
пәнінің 
мазмұны 
оқытудың 
бағытына 
байланыссыз 
оқушылардың  дүниетанымдық  принципін  дамытуды  және  олардың  өздігінен 
кәсіби бағытын таңдай білуін дамытуды көздейді.  
Биологияны  оқыту  арнайы  жабдықталған  сынып  бөлмесінде  және  жалпы 
қолданылатын  оқу-көрнекілік  құралдар  мен  жабдықтар,  көрнекілік  және 
зертханалық аспаптар мен құрылғылар, интернет ресурстар, техникалық оқыту 
құралдармен дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.  
Үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес  биология  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінен 
көлемі:  
қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  10-11-  сыныптарда,  аптасына  –  1 

119 
 
сағат, оқу жылында – 34 сағат;  
жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 
10-11-сыныптарда 
аптасына – 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.  
 
Физика  
Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы 10-11-сыныптарға  арналған  «Физика» 
оқу  пәнін  оқытудың  басты  мақсаты  –  білім,  білік  және  дағдыларды  меңгеру 
негізінде  әлемнің  жаратылыстанымдық  бейнесін  біртұтас  қабылдай  алуды 
қалыптастыру.  
Бұл  мақсатқа  жету  келесі  міндеттерді  жүзеге  асыру  арқылы  қамтамасыз 
етіледі:  

 
қазіргі  «Жаратылыстану»  білім  саласындағы«Физика»  оқу  пәнінің 
маңызын  түсіндіру  және  физика  ғылымының  әдістерін  меңгерту  негізінде 
ғылыми дүниетаным білімдерін меңгерту;  

 
оқушылардың  ғылыми  түсініктер  жүйесі  негізінде  сын  тұрғысынан 
ойлауын дамыту;  

 
оқуға  жауапкершілікпен  қарауға,  қоршаған  ортаны  қорғау  және  табиғи 
қорларын  ұтымды  пайдаланауға  дағдыландыруға;  қоғам  және  адам  өмірінің 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дағдыларды қалыптастыруға;  

 
базалық  білім  негізінде  экономикалық  және  саяси,  әлеуметтік,  мәдени 
қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.  
Қазіргі  қоғамға  бейімделу  үшін  базалық  деңгей  негізіндегі  физикалық 
ұғымдар мен мен заңдарды меңгеру әрбір адамның тәжірибесіне қажетті.  
Жалпы  білім  берудің  құрамды  бөлігі  ретіндегі  физиканың  гуманитарлық 
мәні,  ол  оқушыны  қоршаған  дүние  туралы  объективті  білім  алуға  мүмкіндік 
беретін ғылыми таным әдістерімен қаруландырады.  
Пәннің  мазмұнын  анықтауға  ықпал  ететің  факторлар  болып  оқытудың 
мақсаты,  оқушылардың  танымдық  қызығушылығы  мен  қабілеті  болып 
табылады.  
«Физика» пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бiлiм беру мазмұнда 
тарихи материалдар мен айғақтарға айтарлықтай назар аударылады.  
«Физика»  пәнін  10-11  сыныптарда  оқытқанда  Қазақстан  Республикасы 
Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен 
бекітілген  оқу  бағдарламасындағы
 
талаптардың  ерекшелiктері,  яғни 
оқушылардың өз бетінше жасайтын практикалық және жобалық жұмыстардың 
орындалуына мән беріледі.  
Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  жобалық  және  iздену, 
зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ұсынылады. 
 
Физикаға  және  оның  қолданбалы  аспектілеріне  қызығушылық  білдірген 
оқушыларға  келесі  қолданбалы  курстар  ұсынылады:  «Физика  және  техника», 
«Медициналық  техника»,  «Ғарыш  физикасы»,  «Физика  және  экология», 
««Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», және т.б.  
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сынып физика курсының 
мақсаты  оқушылардың  әлемді  диалектика-материалистiк  тұрғыдан  тану 
көзқарасын қалыптастыру.  

120 
 
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етедi:  
 
қазіргі  әлемнің  бiртұтас  физикалық  бейнесін  ұсыну;  физикалық 
құбылыстарды әр жағынан және әр түрлі жағдайда қарастыру дағдысы;  
 
физикалық жүйені анықтау және олардың арасындағы байланыс орнату;  
 
физикалық  құбылыс  немесе  пән  туралы  білімін  салыстыру  және 
ақиқатын ашу дағдысын қалыптастыру;  
 
физикалық  құбылысты  танудың  теориялық  және  эксперименттік  әдісін 
қолдану; физиканың заңдарын практикада қолдану;  
 
 әр  түрлі  қиындық  деңгейіндегі  сапалық  есептер  мен  қатар,  мазмұнды 
физиканың есептерін шығару дағдысын дамыту;  
 
физиканың жетiстiгін адами өркениеттiң даму игiлiгіне пайдалану және 
табиғаттың  заңдарын  тану  мүмкiндiгiне  сену;  қазіргі  жаратылыстану 
ғылымының  мазмұнының  мәселелерiн  талқылау  кезінде  оппоненттiң  пiкiрiне 
орынды  қатынас  және  тапсырмаларды  бірлесе  орындау  үдерісінде 
ынтымақтастықтың тiлегi;  
 
қоршаған  ортаны  қорғауға  жауапкершілік  сезімі,  жаратылыстану 
ғылымының  жетiстiктерін  пайдалануды  бағалауға  дайындық;  ақпараттық 
мәдениетке тәрбиелеу.  
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бiлiм беру мазмұнында адамзат 
қызметінің әр түрлі саласында қолдана алуы үшін теориялық және практикалық 
білімдерді  органикалық  үйлестіру,  физикалық  тәжiрибелерді  орындағанда 
оқушылардың  дағдыларын  дамыту  және  қазiргi  заманғы  техникада 
қолданылатын  физиканың  ең  маңызды  жетiстiктерін  таныстыру  ескерілуі 
қажет.  Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  жобалық  және  iздену, 
зерттеушiлік  іс-әрекетті  ұйымдастыру  арқылы  ұсынылады.  Пән  оқушылардың 
ғылыми-зерттеу  жұмысын  жасау  қабiлеттiлiктерiн  дамытуға,  бақылау  жүргізу 
және  эксперименттік  тапсырмаларды  орындау,  жобалау  жұмысын  жасау 
дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.  
Физикаға  және  оның  қолданбалы  аспектілеріне  қызығушылық  білдірген 
оқушыларға  келесі  қолданбалы  курстар  ұсынылады:  «Физика  және  техника», 
«Медициналық техника», «Физикалық есептерді компьютер көмегімен шешу», 
«Ғарыш физикасы», «Физика және экология», «Радиотехника және электроника 
негіздері», «Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», «Физикалық 
процестерді  компьютерлік  модельдеу  технологиясы»,  «Физикадан  қиындығы 
жоғары  есептерді  шешу  әдістері»,  «Физикадан  эксперименттік  есептер  шешу» 
және т.б.  
Мұғалімдерге  көмек  үшін  дайындалған  ««Жаратылыстану»  білім  саласы 
аймағы  бойынша  қолданбалы  курстар  мазмұнын  жобалау  және  жүргізу»  атты 
(академияның  сайтынан  танысуға  болады  (www.nao.kz))  әдістемелік  құрал 
ұсынылады.  
Физиканы  оқығанда  пәнішілік  және  пәнаралық  байланыстарды,  оқу 
процесінің  логикасын,  оқушылардың  жас  ерекшелігін  ескере  отырып 
бөлімдерді және тақырыптарды оқытудың сабақтастығы сақталуы қажет.  
Оқытудың  қолданбалы  және  практикалық  сипатын  нығайту  үшін  оқу 

121 
 
уақытын төмендегідей тиімді бөлу ұсынылады (7-кесте).  
 
7-кесте – Оқу уақыттарын бөлу  
 
Бағыт 
Көрсетілім, практикалық және 
лабораториялық жұмыстар 
Оқушылардың 
білімдерiн 
тексеру 
Оқу уақытының бос қорынан 
Оқу процессiн ұйымдастыру 
ҚҒБ 
10% 
5% 
7% 
ЖМБ 
25% 
10% 
10% 
 
10-11-сыныпта 
мұғалiм  физика  кабинетіндегі  оқу  жабдықтары, 
құрылғылар  және  электрондық  оқу  құралдарының  мүмкіндігіне  қарай  өзі 
практикалық және зертханалық жұмыстарды, физикалық практикумды таңдауға 
құқығы бар.  
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесі:  
қоғамдық-гуманитарлық  бағыт:  10-сынып  -  аптасына  1  сағат,  оқу 
жылында - 34 сағат; 11-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.  
жаратылыстану-математикалық  бағыт:  10-сынып  -  аптасына  3  сағат, 
оқу  жылында  -  102  сағат;  11-сынып  -  аптасына  3  сағат,  оқу  жылында  -  102 
сағат.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет