70
• Үлгілік бағдарламаның міндеттерін іске асыруды;
• инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда —
оған қажетті жағдайлар
жасауды;
• білім беру әрекеті жүзеге асырылатын ұлттық
-
мәдени, климаттық
жағдайларды ескеруді;
• балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз етуі тиіс.
Заттық
-
кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар:
-
қауіпсіз;
-
қолжетімді;
-
әртүрлі;
-
мазмұнды;
-
көп атқарымды;
-
өзгермелі;
-
тартымды.
Мектепалды даярлық топтарында (сыныптарында)
заттық
-
кеңістіктік
дамытушы ортаға қойылатын талаптар:
дамытушы модульдер, күрделі пазлдар, құрастырылатын ойыншықтар,
сауат ашу, алғашқы математикалық ұғымдарды игеруге ықпал ететін әртүрлі
материалдар, баспа әріптері, сөздер, кестелер, үлкен шрифті бар кітаптар,
боямақтар, сандары бар оқулықтар, сандары мен әріптері бар үстел үсті
ойындары, ребустар, оқу құралдары, балалар энциклопедиялары, ғаламшардың
жануарлары мен өсімдіктер әлемі, әртүрлі елдердің адамдарының өмірі туралы
иллюстрацияланған басылымдар, балалар журналдары, альбомдар, суреттер мен
карточкалар.
Сонымен қатар, көптеген импровизациялауға
ыңғайлы материалдардың
болуы маңызды (арқан, қорап, сым, доңғалақтар, ленталар және т.б.). Олар ойын
барысында балалардың әртүрлі креативті идеяларын іске асыруда,
шығармашылық шешім қабылдауында қолданылатын болады.
Сондай
-
ақ, балаларға ойын барысында бастама танытуға, өз
қызығушылықтарына
сәйкес әрекеттерді таңдауға мүмкіндік беру үшін
педагогтерге дамытушы ортаны жеткілікті және әртүрлі материалдармен байыту
ұсынылады
.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында
заттық
-
кеңістіктік ортаны ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына
сәйкес зоналар бойынша жарақтандыру ұсынылады.
Мектепалды даярлық сыныбының педагогіне қойылатын талаптар
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагог
мамандығының мәртебесін арттыру негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
Бұл бағыт дамыту Моделінде белгіленген.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың жаңа моделіндегі
педагогтер өз ұйымдарындағы өзгерістердің агенттері болуға тиіс. Ол үшін білім
беру
процесін ұйымдастырушыдан
баланы дамыту мен оқыту процесінің
фасилитаторы рөліне өз рөлін өзгерту қажеттілігі талап етіледі. Педагогтер үнемі
оқып, зерттеу жүргізіп, балалардың даму процесін бақылап және күнделікті
71
жұмысына рефлексия жасай отырып, өздерін балалар рөлінде, сондай –
ақ
педагогтер ретінде көруі тиіс. Педагогтің үнемі даму, балаларды тыңдай білу,
сұрақтар қою, дәлелдер іздеу, оларды сыни тұрғыдан талдау және
шығармашылық эксперименттер жүргізу қабілеті маңызды.
Педагог сабақтар мен режимдік сәттердің
білім беру міндеттерін
айқындауда тәсілдерді өзгертуі қажет: балаларға үйрету емес, дербес шешім
қабылдау
үшін жағдай жасау, балаларға ойлануға, зерттеуге, салыстыруға және
осы әрекеттерді бағдарлауға мүмкіндік беру ұсынылады.
Педагогтер үнемі өзін
-
өзі бағалау процесінде инновацияшыл және
жауапты бола алады, сонымен қатар белгіленген құжаттаманы уақтылы және
ұқыпты
жүргізеді (№130 ҚР БҒМ бүйрығына сейкес 1,2,3 қосымшалары
)
.
Балаларды тәрбиелеу және оқыту процесінде мектепке дейінгі ұйымның әрбір
қызметкерінің рөлі маңызды, сондықтан ұйымның
әр қызметкері қажетті
біліктілік деңгейіне ие болуы тиіс.
Педагогтер мен басқа да қызметкерлер жұмысының негізгі қағидалары:
-
оқытудың кіріктірілген тәсілі;
-
баланы толыққанды дамыту;
-
ойын арқылы оқытуға баланы тарту;
-
балаларға өз білімін құрастырушы ретінде қарым
-
қатынас жасау;
-
маңызды өзара әрекет арқылы шынайы оқыту;
-
инклюзивті білім беру кеңістігін құру;
-
баланың жеке басын құрметтеу;
-
баланы дамыту мақсатында күтім жасау.
Педагогтің құзыреттілігі:
-
баланы дамыту мен оқытуды терең түсіну;
-
баланың көзқарасын түсіну және қабылдай білуі;
-
баланы мақтай білу, тыныштандыру, сұрақтар қоя білу және балаларды
жақсы көру;
-
көшбасшылық
дағдылары;
-
туындаған мәселелерді шешуге қабілеттілігі;
-
сөздік қордың
байлығы және балалардың ой
-
пікірін айту мүмкіндігі;
-
өз тәжірибесіне үнемі рефлексия жасай білу және оны жетілдіру;
-
эмоционалды интеллекттің жоғары деңгейі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен
бекітілген, 2021 жылғы 25 мамырдағы
№ 232 бұйрығымен өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық
және
халықаралық
олимпиадалар
мен
ғылыми
жобалар конкурстарының
(ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік
конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне енген «Мектепке дейінгі
ұйымның үздік педагогі» және «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері»
республикалық конкурстарына қатыса отырып, кәсіби педагогикалық қызметтегі
72
өз
жетістіктерін, балалармен өз жұмысының, ата
-
аналармен бірлескен
жұмысының нәтижелерін көрсете алады.
Сонымен қатар, жыл бойы балаларға арналған келесі байқаулар өткізіледі:
1. «Шымырлық пен шеберлік күні» Наурыз мерекесіне орай балалардың
түрлі әрекет түріне негізделген шығармашылық байқау.
2. «Әжем, анам және мен» аналар мерекесіне арналған отбасылық және
ұлттық құндылықтарды дәріптеу байқауы.
3. «Мен зерттеушімін» республикалық мектеп жасына дейінгі балалар
байқауы.
4.
«Өнерлі бала» республикалық балалар шығармашылығы байқауы (би,
ән айту, мәнерлеп оқу және басқа).
5. «Ана
тілім
-
айбыным» Қазақстан халқының Тілдері күніне орай
шығармашылық байқау.
6. «Ән шырқайық бәріміз» Республика күніне арналған патриоттық әндер
байқауы.
7. «Қызыққа толы сәттер» жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру
кезіндегі бейнебаян, фото
-
сюжеттер байқауы.
8. «Балаларға базарлық» кітап бұрышын ұйымдастыру байқауы.
9. «Әкем –
асқар тауым» әкелердің тәрбие мектебін дәріптеу байқауы.
Осы байқаулардың ережелері Институттың
www.irrd.kz
сайтында
орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: