Қазақ тілім өз тілім,ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім



бет1/3
Дата16.05.2023
өлшемі384,55 Kb.
#93286
  1   2   3

19.09.2019 ж 4 «А» сынып
Тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ.
Мақсаты1.Білімділік:
Мақал-мәтел,жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге үйретіп, олардағы негізгі ойды білдіру.
2.Дамытушылық:
Оқушылардың тіл байлығын арттырып,ойлау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік:Адамгершілікке,адалдыққа тәрбиелеу.Ата-бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға,мақал-мәтел,жұмбақ,шешендік өнер арқылы өз елінің тарихын білу,әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сыйлауға баулу. 
Әдіс-тәсілдер: Сайыс түрінде.
Көрнекілік құралдар: Жазылған нақыл сөздер,шарлар
Барысы: 
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Негізгі бөлім.
3.Қорытынды. 
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Ортаға оқушылармен шығу
Қазақ тілім өз тілім,ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым,дара тілім.
-Мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата-бабаларымыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен мазмұны тереңдей, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Ендеше, «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысын ашық деп жариялаймын.
І кезең - «Тапқырлық»
І қатар
1.Еңбектің наны тәтті…..Жалқаудың жаны тәтті
2.Білікті бірді жығады…Білімді мыңды жығар
3.Өзге елге сұлтан болғанша…Өз еліңде ұлтан бол 4.Жылай - жылай құдық қазсаң,... (Күле - күле су ішерсің) 5. Жолдасы жақсы жолды болар,... (Жолдасы жаман қолды болар 6. Сабырлы жетер мұратқа,... (Асыққан қалар ұятқа) 7. Ағасы бардың жағасы бар,... (Інісі бардың тынысы бар)
ІІ қатар
1.Ата көрген оқ жонар…Шеше көрген тон пішер
2.Балапан ұяда не көрсе…Ұшқанда соны ілерсің
3.Гүл өссе-жердің көркі…Қыз өссе елдің көркі 4.Туған жердің күні де...(түні де ыстық) 5.Білетінің бір тоғыз...(білмейтінің тоқсан тоғыз) 6.Күш білімде,....(білім кітапта) ІІІ қатар
1.Отансыз адам…Ормансыз бұлбұл
2.Ел іші…Алтын қазына
3.Отанды сүю…Әр адамның парызы 4. Жаздың бір күні... (қыстың мың күнін асырар) 5.Туған жердей жер болмас...(туған елдей ел болмас) 6.Қына тасқа бітеді...(білім басқа бітеді) Осы үш қатардан шыққан жеңімпаздар келесі сайысқа шығады.
- Сайыскерлерімізді ортаға шақырып , алғашқы айналымды бастаймыз. Жүргізушінің мақалын жалғастырады. Аз смайлик алған ойыншы, ойыннан шығады.
1.Туған жердей жер болмас... Туған елдей ел болмас
2. Бірлік болмай... Тірлік болмас
3.Оқу – білім бұлағы...Білім өмір шырағы
4.Туған жердің күні де ыстық...Түні де ыстық
5.Еңбек етсең ерінбей...Тояды қарның тіленбей
6.Оқусыз білім жоқ...Білімсіз күнің жоқ
7.Жүз теңгең болғанша...Жүз досың болсын
8.Еңбек түбі береке...
9.Тіл тас жарады...Сөз бас жарады
10.Оқу инемен...құдық қазғандай
Ойыннан шығушы сайыскерімізге шағын сыйлығымызды ұсынамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет