Оқу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет59/183
Дата14.09.2023
өлшемі5,81 Mb.
#107510
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   183
«Бейнелеу өнері» оқу пәні 
 
«Бейнелеу өнері» пәні 2022
-
2023 оқу жылынан бастап, тек 1

сыныптар 
үшін «Көркем еңбек» оқу пәнінен ажыратылып, бөлек пән ретінде оқытылады. 
«Бейнелеу өнері» пәнін оқытудың басты мақсаты 

білім алушының
қоршаған ортаны бейнелі қабылдау арқылы шығармашылық қабілеттерін 
дамыту, оларды көркем өнерге баулу.
«Бейнелеу өнері» пәнінің міндеттері


көркем өнер туындылары арқылы оқушының ұлтжандылық, рухани

адамгершілік, көркемдік
-
эстетикалық, сезімталдық, талғам, байқампаздық, 
мейірімділік, әдептілік қасиеттерін тәрбиелеуді

қазақтың ұлттық, кәсіби музыка, бейнелеу өнері, этностардың мәдениеті 
туралы түсініктерін қалыптастыруды; 

өнер (бейнелеу, қолданбалы
-
сәндік, сәулет, дизайн) түрлері туралы 
бастапқы білім беруді;

өнер түрлеріне қызығушылығын дамытуды, өнер арқылы ұлттық әдет
-
ғұрып пен салт
-
дәстүрлерді құрметтеу сезімін қалыптастыруды; 

оқушының көркемдік
-
бейнелеу іскерліктерін, шығармашылық әлеуеті 
мен қиялын дамытуды; 

өнер туындылары жайында ақпарат іздестіру, қабылдау, түсіну, талдау, 
өздігінен пайдалану дағдыларын қалыптастыруды;

өз шығармашылық іс
-
әрекеттері арқылы ойын бейнелеп және дәлелдеп 
бере алу дағдыларын қалыптастыруды;

эстетикалық талғамын, сезімталдығын дамытуды көздейді.
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-
сыныпта –
аптасына 1 сағат, оқу жылында –
35 
сағат; 
«Бейнелеу өнері» пәнін ұйымдастыру оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге 
қарай, жүйелілік, сабақтастық, бірізділік және көрнекілік ұстанымдарына 
негізделеді.
Ескерту:
 1-
сыныпта бағалау жүргізілмейді.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет