113
анықталған. Әр сыныпта оқытылатын шығармаларды таңдау кезінде қазіргі
замандағы баланың жас ерекшелігімен қатар танымдық ерекшеліктері де
ескерілген.
Көркем шығармаларды толық оқу міндеттеледі. Сол арқылы оқушыға
автордың идеясын толық түсінуіне, шығарманы жан
-
жақты талдай алу қабілетін
дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік беріледі.
Көркем шығарманы саналы түрде түсініп, талдап, зерттеп, кейіпкерлерді
салыстырып, олардың әрекетіне баға беріп, сол шығармалар арқылы
оқырмандық сауаттылығын қалыптастыру көзделеді. Бір шығарманы толық
оқып, талдай білген оқушы өз бетімен оқыған шығармасын сыныпта меңгерген
дағдылары бойынша барлық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, ой елегінен
өткізіп, интерпретация жасап, бағалай алады. Сыныпта және өз бетімен
оқылатын көркем әдеби шығармалардың табиғи сабақтастығы мен
байланыстылығы сақталынып отырады. Яғни оқушыда көркем шығарманы
оқуда осындай әдеби дағды қалыптастыра білсек, ол кез келген басқа ақын
-
жазушылардың өмірбаянын, шығармаларын өздігінен оқып, талдай алатын
болады.
Қазақ
әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен
даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сөйлеу, жазу,
тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын
қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын
жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни
ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу
мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген
тізімге сай жүзеге асады.
Тоқсан ішінде көркем шығармаларды оқытуға бөлінетін сағат сандарын
шығарманың көлеміне, оқу мақсаттарының жеңіл, күрделілігіне қарай мұғалім
өзі анықтайды.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 6 және 7
-
сыныптарында «Қазақ
әдебиеті»
пәнінің
базалық
мазмұнына
Достарыңызбен бөлісу: