Оқу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет66/183
Дата14.09.2023
өлшемі5,81 Mb.
#107510
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   183
Байланысты:
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.48 PM

Оқу процесінде білім алушының ынтасын, қызығушылығын арттыруға 
бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:
 
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін 
жұмыс түрлері төмендегідей:
• Сұрақ –
жауап (мұғалім мен оқушылар)
• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен 
оқушы)
• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)
Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін, адамдардың 
бір
-
бірімен қарым
-
қатынас жасай білу мәдениетін қалыптастырады. 
Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан білім алушы алдына нақты мақсат 
қоятын, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, 
өзгені қызығушылықпен тыңдай алатын жеке тұлға болып қалыптасады.
Жоғарыда көрсетілген жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттілікті 
меңгертудің алғышарты болып табылады. Себебі, бұл жұмыс түрлерін 
мұғалім
әр сабақта қолдана алады. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту 
үшін жүргізілетін жұмыстар білім алушының сөйлеу тілін дұрыс меңгеруіне, 


105 
қатысым және жазылым қарым
-
қатынасын қалыптастыруға ерекше ықпал 
ететінін көруге
болады. Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан білім 
алушы өз қатарларымен, өзге де жастағы адамдармен қарым
-
қатынаста белгілі 
бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, 
түсіне білетін болады. 
Диалогтік әдісті қолдану білім алушылардың сұрақтарды, өтінішті, 
таңдануды, бұйыруды қолданып, бір
-
бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді 
нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара 
пікір алыса білуге дағдыландырады. Топ арасында талқылау жүзеге асады. Әр 
топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды. Сыныпта талқылауға қатысу 
оқушының бәсекеге қабілетін арттырып, өз дәлелін қорғауға, мәселеге сыни 
тұрғыдан қарауға (1. Пікірталастық әңгіме; 2. Топтық әңгіме;
3. Зерттеушілік 
әңгіме.) үйренеді. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге 
асады. Мысалы: сұрақ
-
жауап, рөлдік, тапсырманы орындату, жұптық жұмыс,
диалогтік
мәтінді оқу.
Оқу нормативтері бойынша ұсынымдамалар
 
Білім мазмұны бойынша оқу дағдыларына қойылатын талаптар біршама 
өзгерген (6.2
-
кесте).
6.2-
кесте

Оқу дағдыларына қойылатын талаптар
Сынып
Тыңдалым
Айтылым
тыңдалым
мәтіндегі
Оқылым
Жазылым
диалог
монолог
ұзақтығы
сөз саны

3-
5 минут
200-
300 сөз
300-
400 сөз
150-
200 сөз
6-8 
сөйлем
8-10 
сөйлем

3-
7 минут
300-
500 сөз
300-
500 сөз
200-
250 сөз
8-10 
сөйлем
10-12 
сөйлем

5-
9 минут
300-
700 сөз
500-
700 сөз
250-
300 сөз
10-12 
сөйлем
12-14 
сөйлем

5-
11 минут
500-
900 сөз
500-
800 сөз
300-
350 сөз
12-14
сөйлем
14-16 
сөйлем

5-
13 минут
500-1000 
сөз
500-
900 сөз
350-
400 сөз
12-14
сөйлем
14-16
сөйлем
4. 
Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға 
сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сай бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта білім беру ұйымдары 
үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және 
қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 
2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (
2022 
жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілген
). 
Бұйрықтың 2
-
тарауына тиісті тармақтарына енгізілген толықтыруларға 
сәйкес:
9. БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық 
жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен 
сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді.


106 
БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан 
артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы 
керек.
11. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда 
бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, 
қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
12. БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ 
тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды 
оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту 
мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге 
болады.
21-
тармаққа сәйкес тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің 
төрт түрі бойынша жүргізіледі (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, 
жазылым). Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық 
бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында 
жүргізіледі.
Төмендегі кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 
бағалау (БЖБ) саны көрсетілген (6.3 
-
кесте).
6.3 -
кесте. «Қазақ тілі »
пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Оқу
пәнінің
атауы
Жалпы жүктеме, сағат
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу
жүктемесімен)
1- 
тоқсан
2- 
тоқсан
3- 
тоқсан
4- 
тоқсан
1- 
тоқсан
2- 
тоқсан
3- 
тоқсан
4- 
тоқсан

Қазақ тілі









Қазақ тілі









Қазақ тілі









Қазақ тілі









Қазақ тілі








10(ҚГБ)
Қазақ тілі








10
(ЖМБ)
Қазақ тілі








11 (ҚГБ)
Қазақ тілі








11(ЖМБ)
Қазақ тілі








Қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі 
дайындайды. Білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы 
аяқталғанға дейін сақталады.
«Қазақ тілі» пәні (жаратылыстану
-
математикалық бағыт) бойынша 
жиынтық бағалау саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет