2024- 2025 оқу жылынан бастап мынадай өзгерістер енгізіледі : Оқыту қазақ / орыс тілдерінде жүргізілетін бастауыш білім берудің
Үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізіледі:
«Шетел тілі» пәні 3-сыныптан бастап оқытылады.
Негізгі орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарында
:
Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті»
пәні «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндеріне, оқыту орыс тілінде
жүргізілмейтін сыныптарда «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні «Орыс тілі» және
«Әлем әдебиеті» оқу пәндеріне бөлінеді.
«Дүниежүз
тарихы» пәнінің атауы «Әлем тарихы» пәні болып өзгереді.
9-
сыныпта «География» пәнінің атауы «География. Қазақстан
географиясы» пәні болып өзгереді.
2024-
2025 оқу жылынан бастап CEFR деңгейлерінің талаптарына сәйкес
қазақ және қазақ емес тілдерде оқытатын
мектептерде 3
-
сыныптан бастап
«Шетел тілі» пәні аптасына 3 сағат көлемінде оқытылатын болады.
Бастауыш мектептегі ҮОЖ өзгерістері 2022 - 2023 оқу жылының 1- сыныбынан білім алатын білім алушыларға қатысты. ҮОЖ өзгертулер кезең - кезеңімен енгізіледі: 1- сынып – 2022- 2023 оқу жылы; 2- сынып – 2023- 2024 оқу жылы; 3- сынып – 2024- 2025 оқу жылы; 4- сынып – 2025- 2026 оқу жылы