75
І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі
кезеңде графикалық диктант –
1-
3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант
–
3-
5 әріп, буын диктанты –
3-
6 буын, сөздік диктант –
2-
5 сөз, диктант –
3-12
сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі
мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі
ұйымдастыру ұсынылады.
Тыңдалым мен айтылымның ерекшілігі: тыңдалым материалының көлемі:
30 сек –
1 мин.
Оқылым ерекшелігі: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің
басында 4
-
6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі
сөздердің саны 2
-6-
дан аспауы керек.
Жазылым ерекшелігі
:
1 сыныптан бастап жазу жұмысына дайындық
жаттығуларына аса мән берілуі тиіс. Жазу жұмысына дайындық:
1) жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің
көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы
кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті,
жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан
шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;
2) сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер
құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық
модельдерін құру;
3) көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші
әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу;
4) сөйлемнің басындағы сөзді бас әріптен жазу, сөйлем ішінде сөздердің
бөлек жазылуы, сөйлемнің соңына тыныс белгісін қою;
5) қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін
құрастыру;
6) қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Әліппе кезеңінде жазба жұмыстарын (көркем жазу минуты) күнделікті
жүйелі ұйымдастыру ұсынылады. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім
алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай айқындайды.
«Әліппе» пәнін оқыту Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған
күтілетін
нәтижеге бағдарлануы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: