№ исх: 230-01-18/1360 от: 06.04.2023
06.04.2023-ғы № 230-01-18/1360
шығыс хаты
2022-2023 оқу жылында
жалпы білім беретін пәндер бойынша
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының
ЕРЕЖЕСІ
1.
Жалпы ережелер
1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы
13 наурыздағы № 99 бұйрығымен бекітілген "Жалпы
білім беретін пәндер
бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және
өткізу қағидалары" (бұдан әрі - қағидалар), Халықаралық Қағидалар (ISEF)
талаптары негізінде әзірленген осы ереже жалпы білім беретін пәндер бойынша
Республикалық зерттеу жобалары конкурсын (бұдан әрі - конкурс)
ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Байқаудың мақсаты оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға
ықпал ету болып табылады.
Байқаудың міндеттері:
1)
оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін
ынталандыру;
2)
ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау;
3)
оқушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету
және насихаттау;
4)
оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту
мәселелеріне қоғамның
назарын аудару және ғылыми-зерттеу ресурстарын тарту.
2.
Конкурстың кезеңдері (аудандық/қалалық, облыстық, республикалық).
3.
Конкурсқа 16 секцияда 4 бағыт бойынша жұмыстар ұсынылады:
I
бағыт «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі
буыны ретінде» - секциялар: физика; техника; Жер және ғарыш туралы ғылым.
II
бағыт «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық
модельдеу» - секциялар: математика; Қолданбалы математика; информатика;
экономика.
III
бағыт «Салауатты табиғи орта - «Қазақстан-2030»
Стратегиясын
жүзеге асырудың негізі» - секциялар: химия; биология; қоршаған ортаны
қорғау және адам денсаулығы.
IV
бағыт «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы
туристік маршруттар» - секциялар: тарих;
өлкетану; этномәдениеттану; тіл
білімі; адам және қоғам; әдебиет.
4.
Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар
және жекелеген, бұрын белгісіз жаңалықтарды
және эксперименттерді
жариялау;
1)
мектеп эксперименттерін жетілдіруге және өндірістік процестерді
рационализациялауға жәрдемдесетін практикалық міндеттерді шешуге жаңа
енгізетін аппараттардың, модельдер мен аспаптардың
конструкцияларын
құрастыру;
2)
әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге
бағытталган экономикалық-заңдық негіздемесі бар компьютерлік модельдер
мен жобалар әзірлеу;
3)
зерттеу жобасының дайын өнімін (макет, өнім, модель, багдарлама,
буклет) ұсыну.
5.
Аудандық ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрлігінің 2012 жылғы 13 наурыздагы № 99
бұйрығы және ұсынылган
жобаларды бағалаудың бекітілген критерийлері (Қосымша 2-4) негізінде
сарапшылар мен қазылар алқасы мүшелерінің жұмысын ұйымдастырады.
6.
Конкурстың республикалық кезеңінің нәтижелері бойынша
жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық
кезеңнің үздік жеңімпаз жобалары "Regeneron ІSЕF" ғылым мен техниканың
дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның атынан қатысады,
онда әлемнің
көптеген елдерінің оқушыларының зерттеулері мен өнертабыстарының
нәтижелері ұсынылады.