Оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының ережесі



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата20.09.2023
өлшемі205,76 Kb.
#109257
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
гылыми жоба ереже

II.
 
Зерттеу конкурсын ұйымдастыру және өткізу тртібі 
1.
Зерттеу конкурсы төрт кезенде өткізіледі: 
1)
аудандық/қалалық кезең - білім бөлімдері оқушылардың ғылыми 
қоғамының немесе ғылыми жетекшінің ұсынысы бойынша 8-11 сынып 
оқушылары қатысады. Командалық жұмысты екіден көп емес оқушы 
орындайды. 
2)
облыстық кезең - екі кезеңнен тұрады, оны облыстардың, Астана, 
Алматы жэне Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық 
білім беру ұйымдары (бұдан әрі - РББҰ), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 
дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі - НЗМ ДББҰ), «Республикалық физика- 
математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - 
"РФММ" КЕАҚ) ұйымдастырып өткізеді. 
Облыстық кезеңге аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысады, 
олар ғылыми жетекшінің пікірімен және ілеспе құжаттарымен (өтінім, зерттеу 
жұмысы, зерттеу күнделігі) жұмыстарды ұсынады. 
Аудандық кезеңнің 
бір турдан тұрады 
- жобаларды қорғау. Жұмысты 
қорғау кезінде жобаның авторына (бірлескен авторына) баяндама үшін 7-10 
минут беріледі. (
аудандық кезеңде тестілеу өтілмейді



Облыстық кезеңнің 
бірінші туры 
- жобаларды қорғау. Жұмысты қорғау 
кезінде жобаның авторына (бірлескен авторына) баяндама үшін 7-10 минут 
беріледі. 
Облыстық кезеңнің 
екінші туры 
- Қағидалардың қосымшасында 
көрсетілген жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобаларының 
республикалық конкурсы өткізілетін пәндер тізбесіне сәйкес қатысушының 
сыныбына, оқыту тіліне сәйкес бейіндік пәндер бойынша тестілеу жүргізіледі. 
Тестілеу 60 тест тапсырмасынан (120 балл) тұрады, оларды орындау 
үшін 2 астрономиялық сағат беріледі. 
Тестілеу - бір мезгілде республиканың барлық облыстарында және 
Астана, Алматы жэне Шымкент қалаларында, республикалық білім беру 
ұйымдарында, РФММ КЕАҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 
өткізіледі. Зерттеу байқауының ережелеріне сәйкес тестілеу нәтижелерінің 
апелляциясы қарастырылмаған. 
Тестілеу кезінде қатаң тыйым салынады: 

тест тапсырмаларын ұжымдық орындау, бөгде адамның көмегін пайдалану 
(ата-аналар, мұғалімдер, интернет желісі және т. б.); 

ішкі жадтан немесе Интернеттен жүктелген мәтіндік, графикалық 
және/немесе аудио форматта ақпарат беруге қабілетті кез келген байланыс 
құрылғыларын, смартфондарды, смарт-сағаттарды немесе кез келген басқа 
гаджеттерді пайдалануга; 

кез-келген электронды немесе қагаз анықтамалық ақпаратты, оқулықтарды, 
басқа әдебиеттерді, конспектілерді және басқа дайындалған жазбаларды, 
калькуляторларды қолдану; 

жұмыс орнынан кету. 
Физика және химия пәндерінен калькуляторларды қолдануга рұқсат 
етіледі. 
Облыстық кезеңнің қорытындыларын шыгару кезінде тестілеу бойынша 
балдар және жобаны қорғау кезінде алынган балдар Қагиданың 5-тармағына 
сәйкес жинақталады. 
Үшінші кезеңге тестілеу балдарының жалпы санынан кемінде 50% балл 
жинаған іріктеу кезеңінің екінші турына қатысушылар жіберіледі. Командалық 
жұмысты үшінші кезеңге жіберу үшін жұмыс авторлары жинаған балдардың 
орташа арифметикалық саны өту балы болып табылады; 
3)
Зерттеу жұмыстарын сараптау - жаратылыстану-математикалық 
бағыттагы пәндер бойынша - «Дарын» РҒПО, қогамдық-гуманитарлық 
бағыттагы пэндер бойынша - облыстық білім басқармалары алдын ала 
сараптама жүргізеді. 
Байқаудың республикалық кезеңіне ең көп балл жинаган, зерттеу 
жұмыстарының сараптамасынан өткен облыстық кезеңнің жүлдегерлері 
жіберіледі. 
4)
республикалық кезең - осы Ереженің 5-тармағының талаптарына 
сәйкес ресімделген стендтік материалды ұсынып, зерттеу жұмысын қоргайды. 
Жұмысты қоргау кезінде авторга (бірлескен авторга) баяндама үшін 7-10 минут 
беріледі. 


Зерттеу конкурсының аудандық/қалалық және облыстық кезеңдерін 
өткізу мерзімі облыстардың, Астана, Алматы жэне Шымкент қалаларының 
білім басқармалары, РББҰ, «НЗМ» ДББҰ және «РФММ» КЕАҚ 
басшыларының бұйрығымен айқындалады. Конкурстың республикалық кезеңі 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен белгіленген 
мерзімде өткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет