Оқу жылында оқушыларды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды білдіретін критериалды бағалау жүйесі бойынша жүргізіледі: Формативті бағалау – бұл бағалау түрінде



Дата25.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28768
Байланысты:
Презентация Microsoft PowerPoint


2021-2022 оқу жылында оқушыларды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды білдіретін критериалды бағалау жүйесі бойынша жүргізіледі:
  • Формативті бағалау – бұл бағалау түрінде, оқушылардың ағымдағы үлгерімі туралы кері байланысты (түсініктемерлер және ұсыныстар) ретінде көрсету мақсатында, оқушылардың үлгерімін жақсарту мақсатында Ата-аналарға және оқушыларға арналған бағалау түрі. Формативті бағалау 10 балдық жүйе форматында өтеді.
  • Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі. 

  • Назар аударыңыздар! Жүйеде қорытынды баға автоматты түрде қалыптасады, бірақ ол ұсынылған баға ретінде шығады. Журналда мұғалім қорытынды бағаны Жүйе ұсынған бағаға сүйене отырып, қолымен қояды.

                 

    Формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, оқушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

    Формативті бағалау үлгерімді ағымдағы бақылауды жүргізу қағидалары шеңберінде ҚР БҒМ әзірлеп, №125 Бұйрықтың өзекті нұсқасына енгізілді.

    Формативті бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін өздігінен анықтайды.

    Қойылған формативті бағаларды қалай көруге болады?

    Формативті бағалар келесі қойындыларда қолжетімді:


  • «Күнделік»;
  • «Пәндер бойынша»;
  • «Тоқсандар бойынша».

  • Ата-ана парақшасы арқылы күнделікке өту үшін:
  • «Балалар» - «Күнделік» қойындысын ашу;
  • «Күнделік» / «Пәндер бойынша» / «Тоқсандар бойынша» қойындысын таңдау.

  • Оқушы парақшасы арқылы күнделікке өту үшін:
  • «Мектеп» - «Күнделік» қойындысын ашу;
  • «Күнделік» / «Пәндер бойынша» / «Тоқсандар бойынша» қойындысын таңдау.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет