2022-2023 оқу жылындағы 9,11 сыныптардағы кәсіптік бағдар
бойынша жүргізілген жұмыстар
Кәсіптік бағдар беру – көп салалы әрі қиын үрдіс. Мектепте оқушылардың кәсіптік деңгейін шыңдауда үйірмелердің атқарар рөлі зор.Біздің мектебімізде шығармашылық, дарындылық қабілетін арттыру мақсатында құрылған бірнеше үйірмелер бар.
«Шахмат» «Бокс» үйірмелері жұмыс жасап келеді.Үйірмелердің ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар оқушы қабілеті мен дарынын ұштаудың негізгі алаңы.Оқушылардың дарынын дамыту олардың қабілеттілігін ғана арттырмайды, болашақ өмірге дайындап, мамандық таңдауына да әсер етеді.Оқушының шығармашылығын арттыруда балалармен жеке жұмыстың да маңызы ерекше.
Мектептен-ақ оқушылар өнер, кәсіп түрлерінен, зияткерлік және интеллектуалдық тұрғыдан ақыл-ойы мен қабілеті жағынан ерекшеленіп тұрады.Олармен жұмыстың нәтижесі қоғаммен мемлекетке, Отанымыздың болашағына өлшеусіз пайда әкеледі.Оқушылар белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады.
Мамандық таңдау – жауапты да күрделі іс-әрекет. Кәсіп пен мамандық ұғымдарын қамтитын түрлі қызметсалалары өте көп. Сол үшін де мектепті бітірген жастардың алдында қаншама кәсіптің ішінен өзіне қажетті біреуін таңдау міндеті тұр. Бір адамның бірнеше кәсіппен айналысуға білімі, қабілеті болғанымен, соның ішінде біреуіне ғана ынтасы ерекше болады. Сол үшін оқушыларға осы оқу жылының екінші жартысында әртүрлі оқу орындарында оқитын студенттер келіп оқушылармен сұхбаттасады, мамандықтарын ұсынып, оқуға түсу жолдары мен жеңілдіктерін түсіндіреді.
28 қараша күні 11 сынып бойынша «Мамандыққа бейімділікті анықтау» тақырыбында А.Утегенованың тәрбие сағаты өтті.
Мамандық дегеніміз не? тақырыбында сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларын жеткізді. Әр мамандыққа шолу жасады. Сұранысқа ең көп ие болатын 10 түрімен таныстырды. Мамандық таңдау бойынша 3 тілді атауын айтты.
Оқушыларға мамандықтар бір жолмен таңдала ма? Қартайғанда мамандық таңдауға бола ма? деген сұрақтарына:Ақша болса мамандық қажет емес. Маңдай термен келген ақша бөлек болады. Мамандық таңдау күнкөріс қамы.Екі нәрседен қателеспеу керек, оның өзі мамандық деп жауап берді.
Кенжалы Дильназ –дүние жүзі тарихы, ағылшын пәндері бойынша дайындалып, болашақта аудармашы мамандыған таңдап отыр.
Әуес Жарқынай - география, математика пәндері бойынша дайындалып, әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мамандығын таңдап отыр.
Мырзалин Санжар - тарих,оқу сауаттылығы пәндері бойынша дайындалып, дене тәрбиесі мұғалімі мамандығын таңдап отыр.
Сабақ соңында болашақта ҰБТ дан ең жоғарғы балдарын алып, армандаған мамандық иесі болыңдар деп аяқтады.
9-сынып бойынша "Сұранысқа ие маман ба,мамандық па?"тақырыбында сауалнама алынды.Сауалнама қорытындысы бойынша көптеген оқушылар техникалық мамандыққа бейім екені анықталды.
11-cынып бойынша " Мамандыққа бейімділікті анықтау" тренингтер жүргізілді.
Ұрпақ тәрбиесі-болашақ қоғам тәрбиесі.Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, кәсіпке икемді, ақыл-парасаты мол, мәдени ой-өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.Болашақ ұрпаққа кәсіби мамандыққа көзқарас, негізінен оқыту-тәрбиелеу ісінің сипатымен анықталады.Кәсіптік білім берудің жалпы мақсаты-жастар бойында кәсіби және тұлғалық сапаларды жоғары қалыптастыру болса, мектеп мұғалімдері оқушыларға кәсіби бағдар беріп, мамандық таңдауға жол сілтейміз.
11-сынып оқушыларының таңдап отырған оқу орындары
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Таңдаған оқу пәндері
|
1
|
Әуес Жарқынай
|
География,математика
|
2
|
Кенжалы Дильназ
|
Ағылшын
|
3
|
Мырзалин Санжар
|
Шығармашылық.
|
Достарыңызбен бөлісу: |