Апталықтың тақырыбы: «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік».
Апталықтың мақсаты : география, биология және химия сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Апталық барысында интеллектуалды сайыстар, кештер, суреттер сайысы, мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына викториналар, сыныптан тыс іс- шаралар талапқа сай өтті
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті.
Апта ағымында 12.04.2022ж. күні химия пәні мұғалімі Қуанышева С.Д. 8 - 10 сыныптар арасында «Химия әлемінде» интеллектуалдық ойынын өткізді. Сонымен қатар, 7 «Б» сыныбында «Адам ағзасындағы химиялық элементтер» баяндама жарысын шаралар өткізді. 15.04.2022ж. күні «Қаныққан көмірсутектер. Алкандар» тақырыбында 9 «Ә» сыныбына ашық сабақ өтті. Ашық сабақта жаңа әдіс – тәсілдерді пайдаланып, әр оқушының ынтасын аша білді. Сабақ «өте жақсы» деп бағаланды. Төменде өткізілген іс- шараларға шолу есебінде фотосуреттер бар.
География пәні мұғалімі Құдайбергенова Т.Р. 8 «А» сыныбына 15.04.2022ж. күні «Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері» ашық сабақ өтті. Сабақ өте қызықты болды. Жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдаланып оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, сабақта қойған мақсатына жете білді. Сонымен қатар, 20.04.2022ж. күні «Білімділер сайысы» сыныптан тыс жұмысын 9 сыныптар арасында жарыс ойын түрінде өткізді. Сабақ «өте жақсы» деп бағаланды. Төменде өткізілген іс- шараларға шолу есебінде фотосуреттер бар.
Биология пәні мұғалімі Сейткерім П.С. 9 «А» сыныпқа 19.04.2022ж. күні «Адамның тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу. Генеологиялық шежіре құрастыру» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ өте қызықты да жоспарлы түрде ұйымдастырылған. Сабақ құрылымы өте нақты әрі сапалы жасалған. Жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдаланды. Сабақта қойылған мақсатына жетті. 5 сыныптар арасында 19.04.2022ж «Табиғат аясындағы өзгерістер» сыныптан тыс жұмыс өткізді.
21.04.2022 ж. Күні жаратылыстану апталығының аясында мектепшілік мұғалімдерге тәжірибе алмасу вебинары өтті. Вебинар тақырыбы «Жаңа әдіс – тәсілдерді пайдаланып, білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау». Мақсаты: Жаңа әдіс – тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың білім жетістіктерін дамытуда тәжірибе алмасу.
Достарыңызбен бөлісу: |