2022-2023 оқу жылының 4-тоқсан қорытындысы бойынша 10-11 сыныптардың бейіндеп оқыту және жұмыс жоспарының орындалуы туралы Бейіндеп оқытудың мақсаты: жоғары сынып оқушыларының кәсіптік қызығушылықтарына және білім алуды жалғастыруға қатысты жоспарларына сәйкес білім алуы үшін жағдай жасау.
Мектеп әкімшілігі қосымша білім беруді сатылы түрде меңгерту бағдарламасын қамтамасыз ету, жеке дара бейініне және қажеттілігіне қарай білім берудің әртүрлі деңгейде жүйесін қалыптастыру және кәсіптік бейінділіктерін анықтау жұмыстарына орай жыл көлемінде монитронгтік зерттеулер жасады. Мектепте бейіналды дайындық бұл бастауыш және орта буындағы оқушылардың жоғарғы буында өз еркімен, саналы түрде бағдарлы сыныпты таңдауына мүмкіндік беретін арнайы дайындық жүргізілді. Осыны ескере отырып 7, 8, 9 сыныптарда оқушылардың болашақ таңдаған мамандықтарын ескере отырып таңдаулы пән анықталды.
Мектеп психологы Нуртулеуова С.К .. 7, 8, 9, 10, 11 сынып оқушыларының кәсіптік бейінділіктерін анықтау бойынша жұмыс жасады. Оқушының типологиясына қарай сынып жетекшісімен бірлесе отырып зерттелген оқушыға болашақта қандай мамандықтың иесі болуы мүмкін екені айтылды. Яғни, икемділігне қарай оқушының мамандық таңдауға бағыт берудің бастапқы міндетін шешті. Бағдарлы сыныптар оқушылардың негізгі назарын болашақ кәсіби білімінің таңдалып алынған бағдарының негізін құрайтын пәндерді оқуға мүмкіндік беретіні ескерілді. Пән мұғалімдері мектеп оқулығындағы материалды үнемі, жан-жақты түсіндіріп ұғындырумен қатар, оқушылардың кейбір мәселелерді өз бетімен оқып, жазып, шешіп, жаңаша бір іздеулерін жаттықтырулары қажет етуді ескере жұмыс жасады. Нәтижесінде бейінді және бейіналды сыныптарда оқушылар физика, биология пәндерінен аудандық олипиадаларда жетістіктерге жетті.
Дегенмен, бұл көрсеткіш 10-11- сыныптарда төмен деңгейде қалып отыр, демек жаратылыстану-матемтаика пәндерін оқытуда жаңа білім беру мақсатында оқушылардың өз бетімен жасайтын жұмыстарына үнемі көңіл бөліп, ұйымдастырып отыруы қажет. Оқушылардың білімдік және біліктілік құзіреттіліктерін жетілдіру жолдарын іздестіру қажет.
Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша тереңдетілген деңгейде оқытылатын физика /география, биология / химия пәндерін оқытылады.
9-сынып оқушыларымен бейіндік тандау бойынша жұмыстар жүргізілді, оқушылардың таңдау бойынша келесі жаратылыстану бағыт бойынша пәндерді таңдады.
биология география/ физика
1. Алдаберген Абылай 1. Алымов Николай география
2. Ержан Ерқанат 2. Нейман Джессика физика
3. Қадырбай Аяжан 3. Шалов Мансур физика
4. Қажыбай Ақпейіл
5.Омирбаева Мадина
6.Серік Аружан
7.Ынтықбай Алихан
8. Кадырова Нысана
Пән мұғалімі:,АбсеитовТ.М Ибраева Г.З., Дакубаева А.А
Мұғалімдер өз сабақтарында тиімді білім беру технология бойынша жұмыс жасауда.
Ұсыныс: -жалпы орта білім бағдарламаларының сәйкес жекелеген пәндерден терендетілген білім беруді қамтамасыз ету;
-жеке білімдік бағдарламаларды құруға кең түрде және икемді мүмкіндіктер туғыза отырып,жоғары сынып оқушылардың оқытудың мазмұнын елеулі түрде саралау үшін жағдай жасау;
-білім алушілардың әр түрлі топтарының олардың жеке бейінділіктері мен сұраныстарына сәйкес толыққанды білім алуын қамтамасыз ету;
Сабақтарда жаңа талапқа сай электрондық оқулықтар пайдалану,10-11 сынып оқушыларында білім сапасы арттыру.
-оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту,жалпы және кәсіптік бітірушілерді жоғары кәсіптік білімді игеругу тиімді дайындау