Оқу жұмыс бағдарламасы математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі (пән, модуль атауы) Мамандық



бет2/4
Дата07.11.2022
өлшемі39,98 Kb.
#47960
1   2   3   4
Байланысты:
М-Л-19 МОТӘ ЖОБ

Қалыптастырылатын құзіреттілік:

  • Мектептегі математика курсының ғылыми және психологиялық-педагогикалық негізгі құрылымы мен мазмұнын функционалдық тұрғыдан даралау;

  • Негізгі мектепте математиканы оқыту әдістемесінің принциптері, әдістері мен оқыту құралдарын зерттеу барысында функционалдық құзыреттіліктерін дамыту;

  • Пән бойынша оқу қызметін жоспарлау, оқу материалын ғылыми-әдістемелік талдау, материалдың ерекшеліктерін есепке ала отырып, әдіс-тәсілдерді таңдау біліктерін қалыптастыру;

  • Есептерді шешу біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда оқушының функционалдық құзыреттілігін арттыру;

  • Математика, математиканың теориялық негіздері пәндері бойынша алған білім, білік, дағдыларына сүйене отырып, пәннің теориялық мазмұнын меңгерген, практикалық іс-әрекет дағдылары қалыптасқан, математикалық мәселелерді шығармашылықпен шеше алатын математика пәні мұғалімдерін даярлау;

  • Теориялық білімі жоғары, қазіргі заман талабына сай тәрбиелік міндеттерді орындайтын, оқушының логикалық ой-өрісінің, қиялының дамуына толық мүмкіншілік туғызатын жан-жақты әдістемелік білімі бар, кәсіби сапалы маман дайындау.

  • Білім алушылардың математикалық ойлауын арттыра отырып, негізгі математикалық әдістермен зерттеулер жүргізуге дағдыландыру

  • Оқытуда білімділік, тәрбиелік, дамытушылық,практикалық, ғылымилық және кәсіби мақсаттарды ұштастыру.

  • Пәннің теориялық мазмұнын меңгерту, практикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, математикалық мәселелерді шығармашылықпен шеше алуға үйрету;

  • Қазіргі заман талабына сай тәрбиелік міндеттерді орындауды меңгерту;

  • Оқушының логикалық ой-өрісінің, қиялының дамуына толық мүмкіншілік жасау.

  • Негізгі математикалық терминдермен таныстыру құзыреттілігін жетілдіру;

  • Математиканың алғашқы түсініктерін, шамаларды және олардың математикалық өрнектерін, өлшем бірліктерін үйрету әдістерін білуде функционалдық білім беру;

  • Өмірлік жағдайларда, күнделікті тұрмыста оқушының математикалық заңдылықтар мен есептеулерді қолдана алуын қалыптастыру;

  • Білім алушыларда математикалық, логикалық және алгоритмдік ойлауды қалыптастыру;

  • Пәнді оқытуда өзге математикалық пәндермен және мектеп математикасымен жүйелі байланысты жүзеге асыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет