Оқу кабинеттерін аттестаттау туралы ереже



Дата15.08.2023
өлшемі41,97 Kb.
#105301
түріБағдарламасы
Байланысты:
Оқу кабинеттерін аттестаттау туралы ереже


Оқу кабинеттерін аттестаттау туралы ереже
https://edu.mcfr.kz/article/3417-ou-kabinettern-attestattau-turaly-ereje


Кабинет – бұл оқу жоспарлары мен бағдарламасына сәйкес оқу мен тәрбие процесіне қажетті оқу құралдарымен, жиһазбен және құралдармен жарақтандырылған, оқушылармен сабақтарды, сыныптан тыс және факультатив сабақтарды өткізуге, оқу-тәрбие процесін жетілдіру мәселелері бойынша мұғалімдердің ғылыми және әдістемелік біліктілігін жүйелі түрде арттыруды жүзеге асыруға тиісті жағдайлар жасалатын мектептің оқу бөлімі.


1. Жалпы ережелер
1.1. Оқу кабинеті – бұл оқушылардың білім деңгейін арттырудың оңтайлы жағдайын қамтамасыз етуші мемлекеттік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру құралы болып табылатын оқу-тәрбие бөлімі.
1.2. Кабинет жабдықтарына оқу-көрнекілік құралдар, оқу-әдістемелік құралдар, мұғалім мен білім алушыларға арналған әдебиет, оқу жабдығы, пән бойынша практикалық сабақтарға арналған құрал, оқытудың техникалық құралдары, ОТҚ арналған материалдар кіреді.
1.3. Кабинеттегі сабақтар мынаған негіз болуы тиіс білім алушылардың ойлау қызметін белсендіруге; анықтамалық материалдарды қолдану дағдыларын, өткен материалды талдау және жүйелеу дағдыларын қалыптастыруға; пән бойынша мықты білімін қалыптастыруға, оларды практикалық тұрғыдан қолдануға; оқушылардың өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау және өзіндік талдау қабілеттерін дамытуға.
1.4. Кабинеттің оқу жүктемесі аптасына кем дегенде 36 сағатты құрауға тиіс.


2. Оқу кабинетіне қойылатын негізгі талаптар
2.1. Кабинетте пән бойынша жалпы білім беру бағдарламасын іске асыру қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттардың (мемлекеттік білім беру стандарты, күнтізбелік жоспарлар, бақылау-өлшеу материалдары және т. б.) болуы.
2.2. Кабинеттің мектептің білім беру бағдарламасын орындауға қажетті оқу жабдығымен, оқу-әдістемелік кешенмен жарақтандырылуы. Жабдықты есепке алу.
2.3. Оқу-әдістемелік кешен мен оқу құралдары кешенінің білім беру стандартының талаптары мен білім беру бағдарламаларына сәйкестігі.
2.4. Мектептің білім беру бағдарламасына сәйкес оқулықтармен, дидактикалық материалмен, үлестірме материалмен қамтылуы.
2.5. Мемлекеттік білім беру стандарты талаптарының орындалуын диагностикалау үшін үлгілік тапсырмалар, тесттер, бақылау жұмыстары жинақтарының болуы және оқушылардың қамтамасыз етілуі.
2.6. Кабинетті безендірудің эстетикалық талаптарын сақтау: тұрақты және ауысымдық оқу-ақпараттық стендтердің болуы. Оқу кабинетінің стенд материалы мыналардан тұрады пән бойынша мемлекеттік білім беру стандарты; оқу қызметін жобалау бойынша білім алушыларға арналған ұсынымдар (тестілеуге, емтиханға, практикумдерге және т. б. дайындық); жұмыс қауіпсіздігі техникасы мен кабинетте өзін-өзі ұстау ережелері; оқу процесінде қолданылатын материалдар.
2.7. Оқу кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережелерін (ҚТ бойынша нұсқаулық жүргіщу туралы журнал), өрт қауіпсіздігін, санитариялық-гигиеналық нормаларды (өрт сөндіру құралдары, дәрі қобдишасы) сақтау.
2.8. Міндетті бағдарлама, факультатив сабақтар, қосымша білім беру бағдарламасы, артта қалғандармен, дарынды оқушылармен жеке сабақ, кеңес берулер және т. б. бойынша оқу кабинетінің сабақ кестесінің болуы.
3. Кабинеттің құжаттамасына қойылатын талаптар
3.1. Оқу кабинетінің паспорты.
3.2. Қолда бар жабдықты түгендеу ведомосі.
3.3. Оқу кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері және білім алушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізу журналы.
3.4. Зертханалық және практикалық жұмыстар жүргізуде еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық.
3.5. Оқу және компьютер жабдығының тізімі.
3.6. Кабинеттердің жұмыс кестесі.
3.7. Оқу жылына арналған кабинеттің жұмыс жоспары және кабинеттің 3 жылға арналған преспективалық даму жоспары (мектеп директорымен бекітіледі).
3.8. Оқу кабинеті меңгерушісінің лауазымдық нұсқаулығы. Жоғарыда аталған құжаттардың бәрі оқу кабинетінің паспортында сақталады.


4. Мұғалімнің жұмыс орнын ұйымдастыру
4.1. Оқу-көрнекілік құралдарды тез ауыстыруға арналған құралмен жабдықталған тақта. 4.2. Техникалық құралдардың ұтымды орналасуы.
4.3. Картотекалардың болуы: барлық оқу-көрнекілік құралдар мен оқу жабдығына; сабаққа; өзіндік, бақылау жұмыстарының мәтіндері.
5. Өз бетімен білім алу жұмысын ұйымдастыру
5.1. Өз бетімен оқу-көрнекілік құралдар, аспаптар әзірлеу.
5.2. Оқу процесін оңтайландыруға ықпал етуші түрлі құралдар әзірлеу.
5.3. Оқу-көрнекілік құралдары мен оқу жабдықтарын жөндеу және алдын ала реттеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет