Оқу мақсаты:
күшті негізді күшті қышқылмен титрлеуді жүргізу
Цель обучения:
Learning objective:
carry out a titration of a strong base with a strong acid
Қышқылды - негіздік титрлеудің мәні неде? Қышқылды -негіздік титрлеуде қандай индикаторлар қолдануға болады?
Күшті қышқылды күшті негізбен титрлегенде гидроксид ион біртіндеп сутек ионымен байланысады:
NaOH +HCl=NaCl+H2O
OH- + H+ ⇌ H2O
Қышқылдық-негіздік титрлеуде индикатор ретінде көпшілік жағдайда фенолфталеин мен метилоранж қолданылады.
Эквиваленттік нүктеде қосылатын титранттың эквивалент саны үлгідегі анықталатын заттың эквивалент санына тең болады. Натрий гидроксидін тұз қышқылымен титрлегенде, эквиваленттік нүктеде натрий гидроксидінің моль саны тұз қышқылының моль санына тең болады:
n (NaOH) = n(HCl)
Сурет – Нарий гидроксидін тұз қышқылымен титрлеу
(а) – фенолфталеин индикаторымен титрлеуге дейін;
(b) – титрлеуден кейін
Титрлеудің аяқталу кезеңін нақты анықтау үшін қажет: 1)титрлеуге ақ қағаз бетін қолдану(конустық колбаның астына төсеу), 2) салыстыру ерітіндісін әзірлеу.
Күшті негіз ерітіндісін(сілті) күшті қышқылмен титрлеу - видео
Титрлеуді есептеуде қолданылатын негізгі теңдік өрнегі:
,
мұнда C – ерітінді концентрациясы, моль/л;
n – зат мөлшері, моль;
V- ерітінді көлемі, л
Осы берілген өрнектен белгісіз заттың концентрациясын анықтайды.
Практикалық жұмыс №1
«Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу»
Құрал-жабдықтар мен реактивтер: 0,1M тұз қышқылы ерітіндісі, 0,1M натрий гидроксиді ерітіндісі; бюретка, воронка, индикаторлар: фенолфталеин, метилоранж, дистилденген су
Жұмысты орындау әдістемесі:
Титрлеуге аспап жинау. Таза бюретканы воронка арқылы 0,1М тұз қышқылы ерітіндісімен жоғары нөлдік белгіге дейін толтырамыз(бюретканың төменгі бөлігі толы болу керек).
Толған соң бюреткадан воронканы алып штативке қояды.
Түссіз ерітінділер үшін санауды иілген менисканың төменгі бөлігімен алады. Санау кезінде бюретка көрсеткіші мен экспериментатор көзі мениска деңгейінде болу керек.
Сурет – Бюретка бойынша санау
1, 3 – көздің орналасуы дұрыс емес; 2 –көз орналасуы дұрыс
Конус тәрізді колбаға пипеткамен аликвота - 10 мл натрий гидроксиді ерітіндісін алу керек. Оған 3-4 тамшы индикатор фенолфталеин тамызасыздар. Титрлеуді ақырындап, тамшылатып, ерітіндіні араластыра отырып, түссізденгенге дейін жүргізу қажет.
Үш аликвота ерітіндісі титрленіп, титранттың орташа көлемі анықталады.
Алынған нәтижелер кестеге толтырылады.
Кесте – Фенолфталеин қатысында натрий гидроксидін тұз қышқылымен титрлеу эксперименті нәтижелері
Эксперимент нөмірі
|
Титранттың бастапқы көлемі/мл
|
Титранттың соңғы көлемі /мл
|
Титрлеуге кеткен көлем
/мл
|
Титранттың орташа көлемі/мл
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
Осы тәжрибені индикатор ретінде метилорнажды алып қайталаңыздар. Талдау нәтижесін кестеге енгізіңіздер.
Кесте – Метилоранж қатысында натрий гидроксидін тұз қышқылымен титрлеу эксперименті нәтижелері
Эксперимент нөмірі
|
Титранттың бастапқы көлемі/мл
|
Титранттың соңғы көлемі /мл
|
Титрлеуге кеткен көлем
/мл
|
Титранттың орташа көлемі/мл
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
Эксперимент нәтижесі бойынша, титранттың орташа мәнін қолданып, натрий гидроксиді концентрациясын есептеңіздер.
Алынған нәтижелерді натрий гидроксиді концентрациясының теориялық мәнімен салыстырыңыздар. Қорытындысын шығарыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |