Заттың мольдік массасының мәні оның сапалық және сандық құрамымен анықталады, яғни Mr және Ar - ге тәуелді. Сондықтан әртүрлі заттардың моль саны бірдей болса да , массалары түрліше болады.
1-тапсырма.Төменде хлорсутектің, азот, күкірт және фосфор қышқылдарының молекулаларының модельдері берілген. Олардың формулаларын жазып , мольдік массаларын есептеңдер.