Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандартының орындалу барысын тексеру
Үлкенді сыйлау
Үлкенді сыйлау - қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен, әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отыру керек. Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың тәжірибесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы.
(9с. Қазақ тілі оқулығы.95 сөз)
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған І тоқсандық
бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Сен үшін ата-анаңның орны қандай?
2) Неге бақыт тек қиындық арқылы келеді?
3) Достық не үшін керек?
2. «Отбасы» тақырыбына 8 мақал-мәтел жазыңыздар.
3. «Қазақ салт-дәстүрі» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
4. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің» деген халық мақалын қалай түсінесіңдер, өз ойларыңды жазыңыздар.
5. «Дастарқанды қадірлей білейік!» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Сызбаны толтырыңыздар.
Дыбыс үндестігі
2. Неге? сұрағына жауап беретін сөйлемдер құраңыздар.
........
........
Ата-анам ........ үйретеді
........
........
3. Мына кестені толтырып жазыңыздар
Ілгерінді ықпал
|
Кейінді ықпал
|
Тоғыспалы ықпал
|
|
|
|
4. Сөйлемді мағынасына қарай толықтырыңыздар.
Мен __________ айтқанын тыңдаймын. жақсыдан үйрен
Отбасында __________ бірінші орында тұруы керек. сөздің
Сәлем - ____________ анасы. сыйластық
Әкем маған ылғи ________ дейді. анамның
5. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, сөйлем құраңыздар.
Ашуға бой алдырды, салқын қарай бастады, түн ұйқысын төрт бөлді.
Достарыңызбен бөлісу: |