Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылықтарын тексеру.
Тамақ түрлері.
Адам баласы тамақ ішпей тұра алмайды. Деніңіз сау болу үшін, жақсы тамақ ішу керек. «Ас – адамның арқауы» деп бекер айтпады. Тамақ арқылы адам ағзалары белок, май, көмірсу, минералдық заттар, түрлі витаминдер қамтамасыз етіледі.
Біздің қандай тамақ түрін жейтініміз тұрған жерімізге байланысты. Қытайдың оңтүстігінде күріш, ал солтүстігінде кеспені көбірек жейді. Жапон елінде адамдар балық, Орталық Еуропада ет тағамдарын молырақ пайдаланады.
Қазіргі кезде азық-түлікті жер шарының бір түкпірінен екінші түкпіріне тасымалдауға болады. Сондықтан тамақтың қай түрін жегің келсе,
мүмкіндігін бар.
(76 сөз) (А.Ш. Бектурова. Ш.К. Бектуров)
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған мазмұндама
ІІ тоқсан
Мақсаты: Қазақстан қалалары тақырыбы бойынша оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сауаттылығын тексеру, жазылым дағдыларын жетілдіру, тілдерін дамыту, оқушылардың туған жерін, елін қадірлеуге, сүйе білуге тәрбиелеу.
Түркістан қаласы
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихы- мен тығыз байланысты. Орта ғасырларда Қазақ хандығының ордасы болады. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.
Қазір Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды.
Бүгінгі Түркістан – үлкен, әсем қала. Мұндағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мыңдаған қазақстандық жастар білім алады. Түркістан қаласының келешегі зор.
(83 сөз) (Газет материалдарынан)
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған аралық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін жинақтап, сауаттылығын тексеру, білімдерін анықтау.
Астана – бас қала
1998 жылдың 6 мамырда Ақмола қаласын Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды.
Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.
Қазір Астана – Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы болып саналады.. Ол - өте көркем қала.
(83 сөз) Диктанттар жинағы.1998 ж.
Тапсырмалар.
ІІІ деңгей.
1. Мәтіннің тақырыбын ашатын 3 сұрақ қойыңыз.
2. І-нұсқа: Мәтіннен тәуелденген сөздерді теріп жазыңыз (жағын анықтаңыз)
ІІ-нұсқа: Мәтіннен септелген сөздерді теріп шығыңыз. (септік түрін жазыңыз)
Сөз құрамына талдаңдар.
І-нұсқа. Егеменді, Қазақстан, Республикасының.
ІІ-нұсқа. Қаласын, Елбасының, жарлығымен.
ІІ деңгей.
1. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп шық және жасалуын анықтаңыз. (орташа 4-5 сөз)
2. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз және құрмалас сөйлемге айналдырып жазыңыз
1998 жылдың 6 мамырда Ақмола қаласын Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды.
І деңгей.
1. Отан туралы мақал-мәтелдерді жатқа жазып, біреуінің мағынасын түсіндір.
Достарыңызбен бөлісу: |