Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың тоқсан бойы алған білімдерін жинақтап, сауаттылықтарын тексеру, білім деңгейін анықтау.
Ауылда.
Өткен демалыс күні ауылдағы нағашы апамның үйінде болдым. Сөйтіп апам мен атама көмектестім. Ауылдағы өмір өте қызық. Ерте әтештің шақырған дауысымен ояндым. Апам бие сауып жатыр екен. Атам малдарды жайлауға шығарып жатыр екен. Мен сиырларды өріске қосып келдім. Сосын атам екеуіміз қозы– лақтарды қораға шығарып, құстарға жем салдық. Осы кезде апам бізді дастарханға шақырды. Барлығымыз жазғы ас үйде отырып таңғы асымызды іштік. Апам бәрімізге үлкен кесемен ыстық сүт құйып берді. Сосын біз атам екеуіміз шөп шаптық. Кешке достарыммен алтыбықан тептік. Осылайша, бір күннің қалай өткенін білмей қалдым.
(87 сөз) Диктанттар жинағы. 1998 жыл.
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
І Лексикалық тапсырмалар:
Қазақ отбасындағы туыстық атауларға сипаттама беріңдер.
Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңдар.
а) Арыңды жасыңнан сақта.
б) Ең алдымен ойлаң,онан кейін істе.
в) Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
3. Үйде ас әзірлеуге анаңа көмектесесің бе? Қандай ас дайындай аласың?
4. Жазғы демалыста ата-әжелеріне барасыңдар ма? Оларға кандай көмек бересіңдер? Бұл тақырып бойынша бірнеше сөз тіркесін жазыңдар.
5. Өз отбасыларың туралы шағын әңгіме құраңдар.
ІІ Грамматикалық тапсырмалар
1.Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтаңдар.
Жұмыс аяқталған соң, біз қайтуға кірістік.
Ол тілалғыш бала, өйткені ол ата-анасына көмектеседі.
Мен кітапты көп оқып, бұл кітаптардағы әңгімелерді әжеме айтып бердім.
Олар дайындалды, қонақтары келмеді.
2. Кілемдерді, жинауға – сөз құрамына қарай талдаңдар.
3. Берілген сөйлемдерде есімшені табыңдар.
Мен жазғы демалысымда ата-әжеме баратын болдым.
Ауылда өткізген күндерім тамаша болды.
4. Сөйлемдегі сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажыратыңдар.
Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.
Адам бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады.
Етіс туралы түсінік беріңдер. Етіс түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіріндер.
Достарыңызбен бөлісу: |