Оқу пәнінің оқытушылары туралы мәліметтер



бет4/28
Дата18.10.2023
өлшемі2,77 Mb.
#117879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Модульдік бірлік 2 Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
Адамзат өркениетіндегі саяси идеялардың генезисі. Саяси ойдың қалыптасуы мен даму тарихының дәуірлік кезеңдері.Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель). Орта ғасырдағы саяси идеялар (Августин, Аквинский, Әл-Фараби).Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялардың дамуы. Саясаттың мәні туралы Макиавеллидің көзқарасы. Ж.Боденнің мемлекеттік билік егемендігі теориясы. Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс. (Т.Мор, Т.Кампанелла).Табиғи құқық пен қоғамдық келісім теориялары Ағарту дәуірінің негізгі саяси доктриналары ретінде. Ж.-Ж.Руссоның радикалды демократизмі. И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары. Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.Консерватизм, либерализм, марксизм концепцияларының қалыптасуы. Қазіргі саяси ғылымның негізгі бағыттары.
Модульдік бірлік 3 Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер. Саясат мемлекетті басқару өнері ретінде.. Саясат жария үдеріс ретінде. Саясат компромисс және консенсус ретінде. Саясат функциялары мен оның жіктелуі. Саясат құрылымы. Саясатты ұйымдастыру деңгейлері. Саясаттағы мақсаттар мен құралдар.Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі. Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат, мораль және дін. Саясаттың әлеуметтік негіздері, саясаттың субъектілері мен объектілері. Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі. Саясаттың гумандық сипаты.Саяси қызметтің негізгі түрлері мен бағыттары. Қазақстан Республикасының қоғам модернизациясы кезеңіндегі саясаты.
Модульдік бірлік 4 Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері
Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік). Биліктің функциялары. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары. Биліктің деңгейлері.Билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістері. Саяси және мемлекеттік билік. Билікті табыстау және биліктің бөлінуі. Саяси биліктің легитимділігі және оның көздері.Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік. Негізгі институттар мен билік тиімділігінің критерийлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет