Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет12/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   244
Байланысты:
окулык Ш.Айгул

СӨЖО тақырыбы:

Замандас келбеті” тақырыбына шығарма жазыңыз.





2-сабақ

1. Абай өлеңінің мәнін түсініңіз

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат
2. Абай өлеңінің қазіргі заман талабына сай көрінісі қандай? (пікір алмасу)
3. Сөз тіркестерінің түсінігі

аға ұрпақ –

сабақтастықтың сақталуы –

жас буын –

кешегісін кемсіту –

бой ұру

сайрап жатқан жолмен тең –

төрт көзі түгел

әке өнегесі –

сөз қозғау

кісілік келбет –

ақылға жарымау

тосын нәрсе –

әке өсиеті






4. Сұрақтарға жауап беріңіз

а) Сіз әкеңізбен пікір алмасасыз ба?

ә) Оның айтқандарын үнемі мақұлдайсыз ба?

б) Сырыңызды кімге көбірек айтасыз? (әкеңізге, анаңызға, бауырыңызға немесе досыңызға)



Мәтінді оқыңыз

Әке мен бала, аға ұрпақ пен жас буын арасындағы сабақтастықты сақтау оңай емес. “Біз жаңа заманда өмір сүріп жатырмыз”, – деп кешегісін кемсітіп, өз ұлтының рухани құндылықтарынан алыстап, батыстың жабайы салтына бой ұрушылық жастардың санасына сіңіп, орнығып алған. “Ата-ананың ақылы сайрап жатқан жолмен тең” деген бұрынғылардың өсиетіне мойын бұруға жас толқынның мұршасы жоқ. Неге? Жастар тәрбиесімен айналысып жүрген Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту мәдениет орталығының директоры Накамуро Ещикацу бұл жөнінде мынандай пікір айтады.

– Бүгінде халықтардың салт-дәстүрі де, таным-білігі де қатты өзгеріске ұшыраған заман. Барлығы отбасына байланысты ғой. Мысалы, менің бала кезімде әке-шешемнен бастап, отбасы мүшелері кешке төрт көзі түгел дастархан басына жиналып, бірге тамақтанатынбыз. Ал мен есейген кезде тіршілік асығыс боп кетті ме, ата-ананың баласын қасына отырғызып, әңгімелесуге де уақыты жатпей жатады. Өздеріңіз білесіздер, Жапонияда жұмыс уақыты ұзақ. Адамдар түннің бір уағына дейін қызмет орталығында болады. Мысалы, мен жұмыстан сағат 11-де қайтамын. Сондықтан түскі ас та, кешкі ас та үйде емес, жұмыс орнында. Балаларыммен тек демалыс күндері бірге боламын. Жұмыс күндері әке мен бала кездеспейді десе де болады. Мен бұған қатты қамығамын. Өйткені, ата-ана баласына дұрыс тәрбие беру үшін онымен жиі-жиі сөйлесіп, ақыл-кеңестерін айтып, қоғамдық мәселелерден сөз қозғап, баласының ой-танымына ықпал етуі керек. Амал не, ата-анасының ақылына жарымай жүрген кейінгі жас буынды аяймын. Ана ақылы мен бірге әке өсиеті кез келген жас балаға қажет. Баланың қоғамда өз орнын табуына әке өнегесінің тигізер ықпалы зор.

Бүгінгі заманның жастары қабілетті, талантты. Адамның сыртқы келбетімен бірге іс-әрекеті, ортада өзін-өзі ұстауы да өзгелерге әсер береді. Мәселен, бүгінде қоғамдық көліктерде, көшеде кетіп бара жатып та тамақ жейтін жастарды көріп қаламыз. Көрінген орында, жұрттың көзінше шайнаңдау, әсіресе, қыз балаларға жараспайды. Кісілік келбет әркімнің өзіне байланысты десек те, бұл өте қауіпті құбылыс екенін жасыруға болмайды. Күрделі мәселелер осындай қарапайым нәрселерден шығады.

Бет-аузын талғамсыз бояп алып, қалай болса солай киініп алып, көліктің ішінде тамақ жеп отырудың өзі әдепсіздік. Мұндай көргенсіздікті артықшылық санайтындар да бар. Бұл – біз үшін жат, тосын нәрсе.

Арман – мен үшін өте қымбат сөз. Арман мен үміт адамдарды алға жетелейді. Жетістікке жеткізетін де арман емес пе? Кісі бір биікке қол созады да, соған жету үшін ұмтылыс жасайды. Ұмтылыс дегеніміз – оқу, еңбектену, іздену.


Тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар

2. Мәтінге жоспар құрыңыздар

3. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіздер

4. “Заман және жастар” тақырыбына шығарма жазыңыз.

5. Сөйлемдерді жай сөйлемге айналдырыңыз

“Біз жаңа заманда өмір сүріп жатырмыз?” – деп, кешегісін кемсітіп, өз ұлтының рухани құндылықтарының алыстап, батыстың жабайы салтына бой ұрушылық жастырдың санасына сіңіп, орнығып алған. Менің бала кезімде әке-шешемнен бастап, отбасы мүшелері кешке төрт көзі түгел дастархан басына жиналып, бірге тамақтанатынбыз, әңгіме-дүкен құратынбыз. Ал мен есейген кезде тіршілік асығыс боп кетті ме, ата-ананың баласын қасына отырғызып, әңгімелесуге де уақыты жетпей жатады.


6. Сөз тіркестерін пайдаланып, әр түрлі мазмұнда сөйлем құраңыз.

Жастар санасы, бұрынғылардың өсиеті, мәдениет орталығы, бала кезім, қоғамдық мәселелер, көрінген орын, кісілік келбет.


7. Сөйлемдерді стильдік құрылымы жағынан өзгертіңіз.

Бүгінде халықтардың салт-дәстүрі де, таным-білігі де қатты өзгеріске ұшыраған заман. Өйткені ата-ана баласына дұрыс тәрбие беру үшін онымен жиі-жиі сөйлесіп, ақыл-кеңестерін айтып, қоғамдық мәселелерден сөз қозғап, баласының ой-танымына ықпал етуі керек. Кісілік келбет әркімнің өзіне байланысты десек те, бұл өте қауіпті құбылыс екенін жасыруға болмайды.


8. Сөздерге мағыналас ұғымдарды беріңіз

ұрпақ –

ара –

жас –

жол –

толқын –

кез –


9. Сұрақтарға жауап беріңіз

а) “Ойын арзан, күлкі қымбат” деген не?

ә) “Сыр мен сымбат” дегенде Абай нені айтқысы келді?

б) Ер табылса, жарайды қылса сұхбат тіркесін қалай түсінесіздер?


10. Мәтін мазмұнына сәйкес сұхбат алу үшін сұрақтар дайындаңыз.
11. Мына тақырыптарға пікір алысыңыз.

  • Салт-дәстүрдің озығы бар, тозығы бар

  • Дастархан басындағы әңгіме

  • Жаңа замандағы жаңа дәстүр

  • Сыртқы келбет және жан дүние


12. Сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз

рухани құндылық, мойын бұру, сөз қозғау, ақылға жарымау, арман жетелейді, қол созады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет