2. а) Мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.
ә) Мәтіндегі бірнеше мағыналық бөліктерге бөліңіз.
б) Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.
ХІV Қазақстанның білім беру жүйесі
1– сабақ
1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Ізденістер, бастамалар, әлемдік білім кеңістігі, ықпалдастықты арттыру, сапаны көтеру, бағытталған, өзара мақұлдау, білім құрылымы, бірізділік, қолдау, белсенді араласу, қосылу, қамтамасыз ету, енгізу, өрістету, бекіту, жандандыру.
2. Жақша ішіндегі сөздердің синонимдік баламасын табыңыз.
1.(Дүние жүзі) халықтарының өз таным-түсінігі бар.
2.(Белгілі) азаматтар ұлттық құндылықтарға аса мән беруде.
3.Бұл қадам Алматы сияқты үлкен қалаға (оң әсерін) тигізуде.
4.Қазақ халқының ғасырлар бойы (қалыптасқан) салт-дәстүрі жеткілікті.
5.Жапония сияқты елдің (озық үлгілерін) тәжірибе жүзінде қолданысқа енгізсек, ұтарымыз көп болмақ.
6.Қазақстандағы білім беру жүйесін (халықаралық деңгейге) көтеру үшін қаншама тер төгуге тура келеді.
7.2006 жылдан бастап мектеп оқушылары (бірыңғай) мектеп формасына көшетін болды.
Достарыңызбен бөлісу: |