2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз.
1. Бакалавриаттағы оқыту жүйесінің артықшылығы неде деп ойлайсыз?
2. Сізге ерік берілсе, қандай пәндерді таңдар едіңіз?
3. Несие жинау дегенді қалай түсінесіз?
4. Қазіргі оқу жүйесі сізді толық қанағаттандыра ма?
5. Қазақстандағы оқу жүйесіне қандай өзгерістер керек деп есептейсіз?
Бакалавриаттағы кредиттік оқыту жүйесі.
Бакалавриатқа түсу үшін біртұтас ұлттық тесті сәтті тапсыру керек. Оқу барысы 4 жыл, оқу пәндерінің саны 40- тан кем болмайды. Бакалавриаттың төменгі сатысында оқу 2 жылға созылады. Мұнда студент 68 кредит алуға тиіс. Төменгі сатының аяғында студент мемлекеттік аралық бақылаудан өтуі керек. Одан сәтті өткен студент жоғарғы сатыға көтерледі. Ал өте алмаған жағдайда, оқу орны оған ассоциацияланған дәреже береді де, тиісті үлгідегі сертификат тапсырады.
Бакалавриатта оқуды аяқтаудың міндетті шарты – теориялық оқу бойынша студенттің жинаған кредиті 128- ден кем болмауға тиіс: оның 42- 60- ы міндетті компоненттер, ал 68- 86- сы таңдаған пәндер бойынша. Сонымен бірге міндетті оқуда 68 кредит ағылшын тіліне бөлінеді. Жалпы білім беретін (әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары циклі) пәндер 35-45 кредитті құрайды. Оның ішінде Қазақстан тарихы, әлементтану, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, математика, информатика секілді 7 пән міндетті болып табылады. Дене тәрбиесі пәні қосымша білім беру шеңберінде жүзеге асады да, жалпы кредит көлемінің ішіне кірмейді. Қосымша жаратылыс пәндерінің элективті пәндерін студент мамандығына қарай өз еркімен таңдайды. Тәжірбиенің барлық түрі және оқытудың басқа да формалары қосымша білім беру бағдарламасы шеңберінде қарастырылып, жалпы кредит ауқымына енгізілмейді. Бір семестр ішінде күндізгі оқу бөлімінің әрбір студенті 12- 18 кредит жинауы керек.
Міндетті және ерікті түрде таңдалатын компонентер бойынша, тиісті мөлшердегі несиені жинап, мемлекеттің стандарт талаптарын орындаған студент бакалавриатта диплом жұмысын қорғап, емтихан тапсыру түрінде өтетін мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Диплом жұмысын жазуға 2-4 кредит бөлінеді.
Студентке жоғары кәсіби білім құжатын (диплом) тапсыру және бакалавр академиялық дәрежесін беру туралы мәселе мемлекеттік қорытынды аттестацияның нәтижесі бойынша шешіледі. Барлық емтихандарды “А”, “А-”, “В+”, “В”және “В-” бағаларына тапсырған, қорытындысында өту балын 3,25- тен кем жинамаған, сондай- ақ дипломдық жұмысын “А”, “А-” бағасына қорғаған немесе осындай бағаға мемлекеттік емтихан тапсырған студентке үздік диплом беріледі.
3. Сұрақтар
1. Бакалавриатқа оқуға түсу үшін не тапсырады?
2. Бакалавриатта неше пән оқылады?
3.Мұнда студент теориялық оқу бойынша неше несие жинайды?
4. Неше міндетті пән болады?
5. Бір семестр ішінде күндізгі оқу бөлімі студенті
неше несие жинайды?
6. Қай кезде студент үздік дипломға ие болады?
7. Диплом жұмысын жазуға неше несие бөлінеді?
Достарыңызбен бөлісу: |