Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет227/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   244
Байланысты:
окулык Ш.Айгул

6. Мәтінді оқыңыз.

Әлем экономикасындағы жетекші орындардың бірін иемденетін әрі ірі донор, ал болашақта еліміздің экономикасының маңызды инвесторы бола алатын Жапония мен Қазақстанның байланыстарын жандандыру ірі саяси және экономикалық артықшылықтар береді. Жапонияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелігіне өту талабын Қазақстанның қолдауы екі жақты қатынастарды дамытудың түркі мүдделеріне жауап береді.

Экономикалық және саяси байланыстарды дамыту, Қазақстанның Азиядағы ролі мен орнын нығайту, сондай-ақ қарқынды дамып келе жатқан азиялық рыноктарға орналасуды кеңейту тұрғысынан – Сингапур, Корея республикасы, Малайзия, Таиланд, Индонезия, Въетнам сияқты жаңа индустриалды елдердің біздің еліміз үшін маңызы зор. Қазақстандық дипломатияның алдында осы елдермен ұзақ мерзімді перспективаға арналған өзара қарым-қатынастың тиісті жүйесін құру міндеті тұр.

Оңтүстік Азияда Үндістанмен және Пәкістанмен қарым-қатынастың зор мәні бар. Бұл елдердің саяси беделі мен экономикалық әлеуеті және олармен ынтымақтастық жасасуға біздің іс жүзіндегі тұрақты ұмтылысымыз өзара байланысты.

Түркиямен қарым-қатынастың Қазақстан үшін орны бөлек. Қазақстан дипломатиясының алдында екі жақты тұрғыда да, сондай-ақ ЕҚЫҰ, ИКҰ шеңберінде де Анкарамен саяси, экономикалық мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін іске қосу міндеті тұр. Түркияның өзінің аумағы арқылы мұнайды тасымалдау жобаларын іске асыруға мүдделілігі Қазақстан үшін көліктік коммуникацияның балама бағыты және әлемдік рынокқа шығу жолын қамтамасыз етеді.

Біздің ұзақ мерзімді экономикалық мүдделерімізді қамтамасыз етудің тағы бір бағыты Иранмен байланыстарды дамыту болып табылады. Бұл орайда осы елдің аймағы маңызды ролін және Иранның географиялық орналасуын ескеру қажет, мұның өзі Каспий теңізі проблемаларын шешудегі ынтымақтастықтың қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ Иран еліміздің әлемдік коммуникацияларға шығуы үшін қолайлы мүмкіндік ашады.Араб әлемінде Египет Араб Республикасының саяси салмағы мен ықпалын ескере отырып, Қазақстан осы елдермен жоғары деңгейдегі саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты қолдауға ұмтылады. Орасан зор қаржылық және инвестициялық мүмкіндіктері бар, әлемдік отын-энергетика қорында маңызды орын алатын Сауд Аравиясымен және Парсы шығанағындағы басқа да мұнай өндіруші мемлекеттермен ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның Таяу Шығыс аймағындағы елдермен қарым-қатынасын нығайтудағы маңызды фактор. Бұл сауда-саттық, мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға іргетас қалайды.

Ұзақ мерзімді перспективада Еуропалық Одақтың орны бөлек, аталған одақ қазірдің өзінде өзге аймақтардың мемлекеттерімен қарым-қатынаста бүкіл құрлықтың атынан шығып жүр. Еуропалық Одақпен әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім негіз ретінде алынатын құжат болып табылады, осы құжат Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қоғамдастыққа кірігуіне жәрдемдеседі, еуропалық жетекші мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға алғышарттар жасайды.

Қазақстан БҰҰ-ны реформалаудың нұсқалары мен жолдарын талқылау барысында белсенді позиция ұстанып келеді. Біздің еліміз басқа халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда, ЕҚЫҰ-ның қызметіне және НАТО-ның “Бейбітшілік жолындағы әріптестік” бағдарламасына белсенді түрде қатысуға ұмтылады.

Үшінші мыңжылдықтың басы Қазақстанның сыртқы саясатында жаңа үрдістердің-еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің негіздерін нығайтуға және дамытуға бағытталған саяси прагматизмнің пайда болуымен сипатталады. Қазіргі уақытта біздің еліміз осы заманғы әлемдік қоғамдастықтың барлық үрдістерімен тығыз байланыста қаралады. Қазақстан сияқты ірі еуразиялық мемлекет үшін сыртқы саясаттың орасан зор маңызы бар. Біздің мемлекетіміз өзінің жаратылысы бойынша ұлттық мүдделерді қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік құрылысқа белсенді түрде жәрдемдесуге бағытталған ұтымды дипломатияны жүргізуге міндетті. (Қ.Тоқаев)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет