ОқУ ҚҰралы өскемен 2012 ж



бет18/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#123007
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53
Дигибридті будандастыруға есеп шығару жолдары және есептер жинағы:
Бұл екі, үш немесе көп жұп белгілер бойынша берілетіндіктен, есептің шығарылуы күрделене түседі. Жыныстық көбею кезінде будандық дарабастардың гаметалар саны да артады. Осы типтік есептерді шығарған кезде буданды дарабастар ұрпағының генотипінің барлық қисындарын (комбинацияларын) анықтау үшін Пеннет торын құрастыру ұсынылады. Жаттыққан соң дигибридтік будандастыруда екінші ұрпақтың фенотиптік ажырау формуласын пайдалануға болады: 9А-В- : 3 А-вв : 3 ааВ- : 1 аавв. Яғни 9/16 дарақ екі жұп аллель бойынша доминантты, 3/16 бірінші жұп аллель бойынша доминантты, 3/16 екінші жұп аллель бойынша доминантты, 1/16 екі белгі бойынша рецессивті гомозиготты. Доминантты гендер гомо- және гетерозиготты жағдайда бола алады.
7 – есеп. Тілімді жапырақты биік өсетін қызан өсімдігі өздігінен тозаңданған кезде, өздеріне ұқсаған 924, картоп жапырағына ұқсас биік 317, тілім жапырақты аласа 218 және картоп жапырақты аласа 108 өсімдік алынды. Аталған өсімдіктердің генотипін анықта. Есеп шартына қызанның қандай белгілері доминантты және рецессивті екендігі айтылмаған. Алынған өсімдіктердің қатынасына қарап, белгілердің тұқым қуалау қасиетін және өсімдіктердің генотипін анықтауға болады. Есептің шартында былай делінген:
Р – ұзын тілімді жапырақты х ұзын тілімді жапырақты
Ғ 924 317 298 108
тілімді картоп тілімді картоп
жапырақты жапырақты жапырақты жапырақты
биік биік аласа аласа
Бұл алынған қатынас сандар Мендельдің тәуелсіз ажырау заңына сәйкес (9:3:3:1) келеді. Сондықтан бастапқы өсімдік екі белгісі бойынша гетерозиготты (АаВв) болғандықтан белгілер жөнінде мынандай қорытынды жасауға болады: ген белгі
А - биік
а - аласа
В – тілімді жапырақты
в – картоп жапырақты
Олай болса есеп шартына сәйкес будандастыру үлгісі былай жазылады:
Р АаВв х АаВв
Гамета АВ, Ав,аВ,ав АВ, Ав,аВ,ав
Ғ 9А-В- : 3А-вв : 3ааВ- : 1аавв
тілімді картоп тілімді картоп
жапырақты жапырақты жапырақты жапырақты
биік биік аласа аласа
924 317 298 108
8 – есеп. Бидай масағының қылтанақсыз А қылтанақты а-дан , ал қызыл түсі В ақ түсті в-дан доминантты. Мұндай жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақ масағының сыртқы көрінісін анықтау керек: а) ААвв х ааВВ; ә) АаВв х Аавв; б) АаВВ х аавв; в) АаВв х аавв; г)АаВв х АаВВ; ғ) АаВвхАаВв.
9 – есеп. Масағы ақ, қылтанақты өсімдік гомозиготалы қылтанақсыз қызыл масақты өсімдікпен будандастырылған. Сонда: а) Ғ1- дегі өсімдіктердің; ә) Ғ1- дегі буданды қылтанақты ақ масақты ата-анасымен қайта будандастырғанда алынатын ұрпақтың; б) Ғ1- дегі буданды қылтанақсыз қызыл масақты ата-анасымен қайта будандастырғанда алынатын ұрпақтың фенотиптерін анықтау керек.
10 – есеп. Қылтанақсыз қызыл масақты бидайдың сортын қылтанақты ақ масақты сортымен будандастырғанда ¼-і қылтанақсыз қызыл масақты, ¼-і қылтанқсыз ақ масақты, ¼ -і қылтанақты қызыл масақты, ¼-і қылтанақты ақ масақты ұрпақ алынған. Ата-аналық өсімдіктердің генотиптерін анықтау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет