ОқУ ҚҰралы өскемен 2012 ж



бет1/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#123007
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Бурунбетова генетика 2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Қ.Қ.БУРУНБЕТОВА
ГЕНЕТИКА НЕГІЗДЕРІ


ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Өскемен
2012 ж.
ӘӨЖ 575(075.8)
КБЖ 28.04я729
Б 85
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылды
(№1 хаттама, 16 қазан 2012)
Пікір жазғандар:


Воробьев А.Л, биология ғылымдарының докторы
Букунова А.Ш., медицина ғылымдарының кандидаты
Шарипханова А.С., биология ғылымдарының кандидаты


Бурунбетова Қ.Қ.

Б 85 Генетика негіздері: Оқу құралы. – Өскемен:С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. – 103 б.


ISBN 978-601-7196-33-2


Оқу құралында тұқым қуудың цитологиялық негізі, гаметогенез, тұқым қуалау құбылысының негізгі заңдылықтары, ажырау кезінде әдеттегі сандық қатынастардың ауытқулары, гендердің өзара әрекеттесуі, жыныс генетикасы, тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы, өзгергіштік, адам генетикасы, медициналық генетика, адам қан топтарының тұқым қуалауы мен популяциялық генетика мәселелері қарастырылған.


Жоғары оқу орындарының биология, экология мамандықтары студенттері, магистранттары мен оқытушыларына және мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған.

ӘӨЖ 575(075.8)


КБЖ 28.04я729


ISBN 978-601-7196-33-2 © С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы
© Бурунбетова Қ.Қ., 2012


Кіріспе

Егеменді Қазақстанымыз білімді де білікті жас ұрпақты тәрбиелеуге шұғыл бетбұрыс жасап отырғандығын білім беру саласында болып жатқан тың өзгерістерден ақ көруге болады. Жаһандану дәуірінде жас биолог мамандарды дайындауда, генетика барлық жаратылыстану ғылымдарының алдыңғы шебінде тұрған ғылым саласы екендігі баршаға анық.


Гентика пәнінің алдындағы мақсаты тірі ағзалардың барлығына тән қасиеттер тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеу болса, білім алып отырған болашақ мамандардың алдына қояр мақсаты генетиканың негізгі мәселелерін және жаңалықтары мен жетістіктерін оқып үйрену.
«Генетика негіздері» оқу құралы 5В060700 – Биология, 5В060700 – Биология мамандықтарының Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен типтік бағдарламалары негізінде жазылған.
Оқу құралын жазу барысында Қазақстан және Ресей ғалымдарының М.Е.Лобашевтың «Генетика» 1967, С.Г.Инге-Вечтомовтың «Генетика с основами селекции» 1989, С.Ж.Стамбековтың «Генетика» 1993, Р.І. Берсімбаевтың «Генетика» 2002, Б.Бегімқұлдың «Медициналық генетика негіздері» 2008, «Молекулалық гентика негіздері» 2009 еңбектері мен ғылымның соңғы жетістіктері және автордың генетика пәнінен дәріс берген тәжірибесі басшылыққа алынды.
Оқу құралында тұқым қуудың цитологиялық негізі, гаметогенез, тұқым қуалау құбылысының негізгі заңдылықтары, ажырау кезінде әдеттегі сандық қатынастардың ауытқулары, гендердің өзара әрекеттесуі, жыныс генетикасы, тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы, өзгергіштік, адам генетикасы, медициналық генетика, адам қан топтарының тұқым қуалауы мен популяциялық генетика мәселелері қарастырылған.
Ұсынылып отырған оқу құралы жоғары оқу орындарының жаратылыстану ғылымдары факультеті мамандықтарының студенттері, магистранттары мен оқытушыларына және мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған.
Генетика негіздері оқу құралдарына қойылатын талаптарына толық жауап береді. Тараулардың соңында түйінді сөздер мен ұғымдар, талқылауға арналған сұрақтар және материалды толық меңгеруге көмектесетін генетикалық есептердің шығару жолдары мен есептер жинағы берілген.
Оқу құралын толыққанды деп санауға болмайды, сондықтан оған айтылатын сын-ескертпелер болашақта жазылатын оқу құралдарында тиімді орын табады деп айтқым келеді.
Генетика барлық тірі ағзаларға тән негізгі екі қасиетті - тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының негізгі саласы.
Тұқым қуалаушылық – ата-аналарының белгілерінің ұрпақтарына берілуі мен ұрпақтар арасындағы жалғастықты қамтамасыз ететін қасиет. Тұқым қуалаудың негізінде тірі ағзалардың кейбір түрлері миллиондаған жылдар бойы өздерінің ерекшеліктерін сақтап келеді. Тұқым қуалау көбею үрдісімен, ал көбею жасушаның бөлінуі және оның құрылымы мен функцияларының көшірмелерінің ұдайы өндірілуімен тығыз байланысты.
Өзгергіштік – тірі ағзаның бойындағы белгілер мен қасиеттердің өзгеруі. Өзгергіштікке байланысты тірі ағзада жаңа белгілер, қасиеттер пайда болады немесе бұрынғылары өзгеріп, жойылуы мүмкін.
Өзгергіштік ағзаның тұқым қуалайтын қасиетінің әрдайым сақталып отырмауының көрінісі болып табылады. Ол гендердің өзгеруіне және олардың комбинациясына, сондай-ақ ағзаның тұқым қуалаушылық қастиеттінің даму үдерісінде гендер көрінісінің өзгеруіне де байланысты болады.
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік бірімен-бірі қатар жүретін, бір-біріне қарама-қайшы, өзара тығыз байланысты үдерістер. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы білім жер бетіндегі тіршіліктің пайда болу заңдылықтарын терең де толық зерттеуге мүмкіндік береді.
Ағзаның осы басты екі қасиетін жасуша ядросының хромосомаларында орналасқан гендер қамтамасыз етеді. Ата-аналарының ұрпақтарымен байланысы негізінен жынысты көбею арқылы жүзеге асады. Жасушаның бөлінуі алдында әрбір хромосома екі еселенеді. Бөліну үрдісінде олар жаңадан түзілген жеке жасушаларға ажырап кетеді. Жасушаның бөлінуіне дейінгі хромосома жиынтығы қанша болса, жаңа түзілген жасушаның ядросындағы толық хромосома жиынтығы да сонша болады. Басқа жасушалармен салыстырғанда жыныс жасушаларындағы хромомсомалар саны екі есе кем болады. Ал түрге тән хромосоманың толық саны ұрықтанған жасушада қайтадан қалпына келеді. Зигота хромосоманың әр жұбының бір сыңарын - әкесінің, екіншісі – анасының қасиеттерін береді. Ағза белгілері мен қаситеттерінің дамуы хромосоманың белгілі-бір бөлігі – геннің әсер етуіне байланысты болады.
Ген – материалдық бөлшек болғандықтан ұрпаққа берілгенде жойылып кетпейді, әр ұрпақ сайын жасушаның бөлінуі барысында өзіне ұқсас гендерді жасап отырады. Яғни, дамуы онымен байланысты белгілер де жойылып кетпейді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікке жауапты зат өзін-өзі өндіріп, жаcушаның бөлінуі барысында жаңа жасушаларға дәл тарала алуы керек. Бұл қасиет жасуша ішіндегі хромосомаларға ғана тән. Молекулалық деңгейде хромосоманың осы ерекшеліктерін оның құрамындағы ДНҚ (дезоксорибонуклеин қышқылы) молекуласы анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет