Оқу құралы Қостанай 2016



бет12/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
Байланысты:
Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері

Бақылау сұрақтар:
Келесі аксиомалардың мазмұның аш:

  1. Адам – биоәлуметтік түр

  2. Бейімделу - адамның ауысып отыратын жағдайларда тірі қалуы үшін жасайтын әрекетінің басты биологиялық факторы.

  3. Шаруашылық мәдени ақпаратты жинау және тарату адамзат дамуының міндетті шарты.

  4. Адамзат қауымдастықтары тек адамдардың бірлескен қызметінің арқасында өмір сүре және дами алады.

3 – тарау


АНТРОПОЭКОЖҮЙЕЛЕР – АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ

Антропоэкологиялық жағдайларды шешу үшін, толыққанды адам экологиясының жеке нысан ретінде адам экологиясы бар екендігін анықтап, басқа ғылымдармен зерттелетін обьектілерден айырмашылығы мен құрылымын анықтау керек. Адам экологиясының зерттеу обьектісі антропоэкожүйе – адамның өмір сүру ортасының кеңістік бөлімі. Ол табиғи ұқсастықтармен, әлеуметтік – экономикамен, өндіріспен, экологиялық гигиенамен халықтың шарттарының мәдени – тұрмыстық жағдайлармен сипатталады. Бұл шарттар өз алдына өмір көзқарасын және экологиялық сананы қалыптастырады, денсаулық деңгейі, демографиялық мінез-құлық, физикалық күй, еңбек, өмір салты, салттар мен дәстүрлер, дін таңдауы, кәсіби таңдаулар т.б. Басқа сөзбен, антропоэкожүйе бұл – қоныстанатын адам негізгі құрамдар қалыптасатын жүйе. Әрбір антропоэкожүйе белгілі бір ішкі бірізділікпен және байқаларлық түрлі туыстық пен көрші антропоэкожүйелермен ерекшеленеді. Қарапайым мысал, екі қарапайым екі көрші антропоэкожүйе – қала және оның айналасындағы ауыл аймағы.


Антропоэкожүйе адам экологиясында жасырын мағынасы бар, антропоэкожүйелік зерттеулер практикалық мағынада – қалалық, ауылдық, арктикалық, тропикалық, ормандық, далалық, заманға сай, алғашқы, өткен ғасырдағы, ал болжам кезінде – алыс және жақын болашақтағы антропоэкожүйелер мүмкіндігі түрлі антропоэкожүйелерді зерттеуге негізделеді. «Антропоэкожүйе» терминінің пайда болуына басқа түсініктер негіз болды, кеңістік жүйеде қолданылатын, адаммен байланысы бар өзінің өмірі барысында – антропобиогеценоз (В.П.Казначеев, 1973), антропоэкожүйе (Н.Ф.Реймерс, 1974) және антропогеоценоз (В.П.Алексеев, 1974, 1975).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет