Тұрғындар. Кез-келген қауымның өмірі басқа тұрғындармен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың жақсы жақтары көп, бірақ жаман жақтары да болуы мүмкін. Шаруашылық, мәдени дәстүрлер, дін, тәрбие жүйесі, экономикалық процестер, сауда, ірі құрылыс жобалардың жүзеге асуы, сыртқы жаудан қорғану – бұның бәрі және нақты қауымды басқа адамдармен байланыстырады, олармен бірге шаруашылық, әлеуметтік, саяси аймақта, олардың тіршілігіне мүмкіндік береді. Сол уақытта адамдардың бөлек қауымы мақсатты немесе мақсатты емес араласудан зардап шегуі мүмкін. Тарихтан жақсы белгілі европалық теңізшілер арасында ауру тасушылар мен қоздырушылар болған, ауру жайлы және тіпті кейбір арал тұрғындарының өліміне әкелген себебі инфекциялық аурудан иммунитеттері болмаған. Әйгілі этнограф Тур Хейердал Пасха аралының ауыр жағдайын суреттеген, онда Перуден бірнеше жергілікті тұрғындар: «Олар өздерімен бірге обаға ұқсас шешекті алып келген, ол арал бойынша тез тарап, өзімен бірге барлық тұрғындардың өмірін алып кете жаздаған».
Инфекциялық аурулардың бір аймақтан екінші аймаққа таралуы бүгінгі күні алаңдарлық мәселе.
Африка континентіндегі ЖИТС-тің қайғылы себептері жайлы еске түсіретін болсақ және барлық дүние жүзі елдеріне немесе тұмаудың түрлі формадағы пандемилары барлық елдерден өтетін және планетаның кейде бір, кейде басқа аймағында пайда болатын жалынға ұқсас.
Басқа қауыммен арақатынас кезінде тек қана инфекциялық ауруларды енгізіп алу қауіпті ғана емес. Тіпті біздің дамыған ғасырдың өзінде, этникалық және конфессия аралық (діни) келіспеушілікпен соғыс болып жатыр.
Айқын мысал ретінде Солтүстік Ирландиядағы көпжылдық протестанттар мен католиктер қарсылығы. Адам экологиясындағы зерттеудің маңызды бөлігі – бөлек адамдар қауымы және басқа тұрғындар ара қатынасы. Бұл зерттеулер әлеуметтік психология, этнография, эпидемиология дисциплиналарымен тығыз байланысты.
Шаруашылық.Шаруашылық жұмыс деңгейінен әлеуметтік жүйе тұрғындардың өмірлерінің сапасы анықталады. Жалпылау түрде алғанда, шаруашылық адамдар қауымы мен табиғат арасындағы арақатынас, нәтижесінде адамдар өзінің күн көрісі үшін өндіріс құралдарын қолдана отырып, нақты өндірістік қатынаста өздеріне қажетті заттарды өндіреді. Адамдар қауымының типтерінің әртүрлілігі шаруашылықта қатынас деңгейімен сипатталады.. Одан басқа, «Бір қауым-бір шаруашылық» деп сенімді айтуға болатын адамдар қауымы бар. Мұндайды жиі феодалдық шаруашылық, натуралды деп те атайды.
Осы немесе басқа қауымның көрсеткіштері немесе басқа қауым шаруашылық үнемі мәдени дақылдармен тығыз байланысты. Отандық этнографиялық әдебиеттерде шаруашылық – мәдени типтер туралы ой қалыптасқан, нақты әлеуметтік – тарихи және жаратылыстану географиялық жағдайдағы халықтарда қалыптасады. Бұл барлық типтер өндіріс типтерімен үнемі байланыста, өйткені ол адамның қоршаған ортамен табиғатпен түрлі тарихи дәуірлердегі байланысын анықтайды.
Қазіргі заман адам қауымының антропоэкологиялық зерттеу барысында, индустриалды өндіріспен байланысты, ортақ мәселе екі жақты қарастырылады:
1) шаруашылық материал және өмірлік жайлылық ретінде;
2) шаруашылық қоршаған ортаның деградациялық негізі, өндірістік жарақаттылық, психологиялық шаршаңқылық, күйзелістер және т.т.
Кез-келген қоғам өндіру функцияларын барынша максимальды күшейіп, оның жағымсыз жағын азайтуға талпынатыны анық. Оңай мәселе емес, терең зерттеуді талап етеді. Қарапайым мысал келтірейік: Шағын қаланың тұрғындары жалғыз мекемеде қоршаған ортаны ластайтын мекемеде қызмет етеді. Қазіргі кезде мекемені жөндейтіндей қаражат жеткіліксіз, сондықтан тұрғындарды зиянды қалдықтардан қорғау мақсатында мекемені жабу шешімі қабылданады. Экологиялық дұрыс шешім барысында, қала тұрғындары күн көру қаражатынсыз қалады. Мәселені жүйелі қарастыратын адам экологиясының мамандары, осындай немесе басқа да шешім ұсынбас бұрын жан-жақты талдау жасау керек.