Оқу құралы Қостанай 2016


Адамзат популяциясының (халықтың) денсаулығы



бет5/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері

Адамзат популяциясының (халықтың) денсаулығы- популяциялық денсаулық- көрсеткіштердің комплексімен сипатталатын статистикалық түсінік. Солардың ішінде маңызды орын алатындар:

  • Туу көрсеткіші- 1000 адамға шаққанда бір жыл ішінде дүниеге келген балалар санымен есептеледі;

  • Өлім көрсеткіші- 1000 адамға шаққанда бір жылдың ішіндегі өлім санымен есептеледі;

  • Әр түрлі жастағы топтардың орташа өмір сүру ұзақтығы- шамамен алғанда, нақты бір топ өкілдерінің басқа топқа көшу кезіндегі өлім саны қазіргі кездегі өлім деңгейіне тең болған жас саны. Адамзат тарихында бұл көрсеткіш 21-23-тен 80-ге және одан әрі қарай.

  • Өмірдің орташа ұзақтығы- нақты бір адамзат популяциясының өмір сүру уақыты;

  • Популяция өсімі;

  • Халықтың жастық-жыныстық құрылымы;

  • Физикалық даму;

  • Ауру-сырқау,мүгедектік.

Адам экологиясы пәніне әртүрлі көзқарастар
Пән - адамзаттың танымы мен іс-әрекеті барысында кейбір тұтастықты білдіретін санат.
Нысан-(лат.Objectum- пән, нысан) танылуға тиісті болмыс ретінде ұғынылады.
Адам экологиясы пәнінің бірнеше анықтамалары бар:

  1. Адам экологиясы гигиеналық және басқа ғылымдармен бір қатардағы ғылымдардың бірі болып табылады. Оның зерттеу пәні болып адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің жеке заңдылықтары есептеледі.

  2. Адам экологиясы жалпы ғылымдықпән болып есептеледі. Ол адамның қоршаған ортамен байланысының жалпы заңдылықтарын жеке ғылымдардың мәліметтерін жинақтау арқылы зерттейді.

  3. Адам экологиясы ерекше ғылым болып табылады. Ол нысанмен тығыз байланыста, «адам мен қоршаған орта» арақатынасының белгілі жағын зерттейді. Сол уақытта жеке ғылымдармен бір қатарда тұрмайды, өйткені, басқа ғылымдармен ашпайтын арақатынастың ерекше жағын зерттейді.

  4. Адам экологиясы бұл сөздің дәстүрлі түсінігі бойынша мүлде ғылыми пән болып табылмайды. Адам экологиясы- бұл интегративтік функция қызметін атқарады және «адам-оны қоршаған орта» қатынасын объективті түрде зерттейтін метатеориялық концепция (ашылған ой, түсініктер жүйесі).

Соңғы, заманауи деректерге сүйенсек, адам экологиясы жаһандыдан микролокальдыға дейінгі әртүрлі деңгейдегі антропоэкожүйелерді зерттейді. Бүкіл жер шары оның ауа қабаты мен жақын ғарышты қоса, адам экологиясының зерттеу нысаны бола алады. Жаһанды антропоэкожүйені бүкіл Жер шарын қамтитын және Жер шарында мекен ететін адамдардан құралған биосферадан (В.И.Вернадский бойынша) тұратын өз кезегінде табиғи ресурстарды техникалық құралдар арқылы қолданатын шексіз кеңістікті антропоэкосфера ретінде қарастыруға болады. Антропоэкосфера төмен деңгейдегі, соның ішінде, кішкентай адамдар тобынан құралған шектеулі кеңістікке дейінгі антропоэкожүйелерден құралады. Бірақ, антропоэкологиялық зерттеулердің жиі зерттелетін нысаны - кішігірім ауқымды территориялық кешендер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет