Оқу құралы Қостанай 2016


Дүние жүзінің кейбір елдері үшін халық санының жағдайы мен өсуінің болжамы(млн.адам)



бет56/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62
Байланысты:
Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері

Дүние жүзінің кейбір елдері үшін халық санының жағдайы мен өсуінің болжамы(млн.адам)

Елдер

1993

2025

Қытай
Үндістан
Индонезия
Бразилия
Нигерия

1200
900
190
150
120

1500
1400
280
220
290

Кейбір Африка мемлекеттерінде салыстырмалы өсім жылына 4 % -ға дейін жетіп отырды.Көптеген жоғары дамыған елдер мен аймақтарда демографиялық жарылыс жағдайы ертерек ХІХ ғасырда байқалған.Бұл елерге қазіргі халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады.


Бірінші сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді,бірақ өлім коэффициентінің төмендеуі туу коэфициентінің төмендеуінен алда болады. Сондықтан, халықтың өсімі артады.Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалыптасып отыр,ал дамыған елдер бұл кезеңнен ХХ ғасырдың ортасында өтіп кетті.
Екінші сатысында өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді.Сондықтан халық өсімі баяулайды.
Үшінші сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэфициенті артады,сонымен қатар туылудың төмендеуі баяулайды.Үшінші сатысының соңына қарай туу коэфициенті халықтың жай көбеюінің деңгейіне жақындайды, ал өлім коэфициенті бұл деңгейден төмен болып қалады, себебі халықтың жастық құрамы әлі де тұрақты емес.Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеңнің осы сатысына жақын.
Төртінші сатысында өлім коэфициенті арта отырып,туу коэфициентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.
Демографиялық мәселелер мен қоршағанортаның жағдайы.
Қазіргі кезде демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай елдер ғана емес,сонымен қатар кедей елдер де теріс әсер етеді.
Өнеркәсібі жоғары дамыған,бай елдердің қоршаға ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес,техногенді ластануға байланысты. Дүние жүзінің халқының 20-25% ын құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын шығарады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес,өндіріс пен онымен бірге жүретін байлық болып табылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ тағы молшылық кезінде,американ маманы В.Лебоу: «Біздің өте жоғары өнімді экономикамыз тұтынуды өмір сүру салтына айналдырып отыр,яғни затты сатып алу мен пайдалану күнделікті дәстүрге айналды... Бізге заттардың көп мөлшерде сатылып,одан соң тасталып және басқалармен көп мөлшерде ауыстырылып отырғаны қажет» -деді.
Қазіргі кезде ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны ХІХ- ХХ ғасырлар соңында өмір сүрген ата -бабаларымен салыстарғанда 4,5 есе бай болғанымен, жердегі халықтың өмір жағдайының деңгейі бірдей емес, 1 млрд.өте мұқтаждық жағдайында өмір сүреді.Шектен тыс көп тұтынуға қарама –қарсы кедейлік экологиялық,әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді.
Кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты.Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы,ресурстардың сарқылуы және т.б. арқылы көрінеді.
Мұндай жолмен табиғаттың бұзылуының негізгі себебі кедейлік болып табылады.Себебі,күнделікті бір күнін қалай өткізуді ойлауға ғана мәжбүр адам өзін қоршаған орта мен табиғатты қорғау туралы ойлауға қабілетсіз.
Қоршаған ортаның бұзылуы адамдар өте бай болғанда және өте кедей болғанда да орын алады. Бірақ жердің табиғат ресурстарына келтіретін зиянкестігі үшін жауапкершілігінің басым бөлігі 1млрд. бай адамдардың үлесіне тиеді.
Өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасының дамуының көзі- қоршаған орта есебінен тапшылықты қаржыландыру болып табылады.Яғни олар пайдаланған табиғат ресурстары мен биосфераның ластануы үшін табиғатқа келтірілген зиян өтелмейді. Бұл елдердің «экологиялық қарызы» үздіксіз өсуде: өсу жылдамдығы жыл сайын триллион доллармен есептеледі. Тек жер атмосферасындағы көмірқышқыл газының концентрациясын өнеркәсіптік қызметі нәтижесінде кеміту үшін жылына 625 млрд. доллар мөлшерінде күрделі қаржы жұмсау қажет.Көптеген дамыған елдерде зиянды заттарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсат етілетін нормалары белгіленген.Бұл нормалардың артып кетуіне жол берген өндірушілерге табиғат қорғау шараларына жұмсалатын ірі қаржылай айппұл салынады.Бірақ, іс жүзінде бұл талаптар тек өзінің еліне қатысты ғана орындалып келеді.Өз елінің территориясынан жүздеген,мыңдаған км қашықтықта орналасқан елдерге келтірілген шығын үшін айыппұл төлеу туралы әңгіме де қозғaлмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет