Оқу сабағының жоспары



Дата14.03.2023
өлшемі20,5 Kb.
#73964
түріСабақ
Байланысты:
План урока 1 курс 16 сабақ



МКҚК «Алматы мемлекеттік бизнес колледжі»
(білім беру ұйымының атауы)
Оқу сабағының жоспары
(теориялық оқыту)
________________Геоэкологиялық аудандастыру_____________
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы_______География_____________________________
Дайындаған педагог ____Кенжехан Әділет Нұрланұлы______________
2022 жылғы "___" _______________
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ ________1 курс, 2021-2022 оқу жылы, __________
Сабақтың түрі
2. Мақсаты, міндеттері
Cабақтың мақсаты: Оқушыларға белгісіз, жаңа географиялық ұғымдар, құбылыстар, процесс туралы біртұтас түсінік беру. Мұндай сабақтарда түсіндіру және оны қосарлайтын оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары басым болады.
Сабақтың міндеттері: Тақырып бойынша берілген ақпаратты оқып, өз көзқарастарын жеткізу.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
Тақырып бойынша берілген ақпаратты оқып, экологиялық көзқарас тұрғысынан талдайды.
4. Қажетті ресурстар
Power Point презентациясы, ДК, мультимедиялық жабдықтар, макеттер, құрал-саймандар, қосалқы жабдықтар, көрнекіліктер және тақырыпқа сәйкес әдебиеттер тізімі.
5. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, топ басшысының мәлімдемесі бойынша білім алушыларды түгендеу, сабаққа назар қою.
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:
Қойылған сұрақтарға ауызша жауаптар. Үйге берілген тапсырмаларды тексеру.
Студенттерді негізгі кезеңде жұмысқа дайындау:
Үй тапсырмасын ауызша сұрау.
Жаңа білім мен қызмет тәсілдерін қалыптастыру:
Жаңа материалды түсіндіру:
Геоэкологиялық аудандастыру дегеніміз адам әрекеті әсерінен өзгеріске ұшыраған, адам тіршілігі тұрғысынан алғанда қолайсыз деп саналатын қазіргі табиғи антропогендік ландшафтылардың немесе геожүйелердің кешенді аудандастырылуы. Бұл аудандастыру әкімшілік шараларға шегараларға бағынбайды, әрбір табиғи шаруашылық шегіндегі экологиялық жағдайды сипаттау барысында сол аудандағы табиғи ландшафтылық әркелкілік негізге алынады.
Геоэкологиялық аудандастыру нақты бір регион немесе геожүйелердегі экологиялық жағдайдың қаншалықты шиеленісті екенін көрсетеді. Жалпы алғанда қоршаған ортадағы адамның өмір сүруі мен денсаулығы үшін қалыпты жағдайдың өзгеруін, табиғат ресурстарының жұтаңдануы немесе жойылуын, геожүйелердің негізін құрайтын компоненттердің түрлі өзгерістерін қамтиды.
Геоэкологиялық шиеленістер геожүйе шегіндегі ішкі құрылымдардың бұзылуынан, сонымен қатар антропогендік өзгерістер әсерінен де пайда болуы мүмкін. Қазақстан жеріндегі экологиялық жағдайдың белең алуы қоршаған ортаның сапалық көрсеткіштерін геоэкологиялық тұрғыда түбегейлі қайта құру қажеттілігін анықтайды. Қазақстан аумағындағы мүмкіндігінше шектелген экологиялық жүктеме көрсеткіштеріне негізделе отрып, экологиялық шиеленістің бес деңгейін көрсетуге болады.
№ 1 тапсырма
Геоэкологиялық аудандардың антропогендік әсер ету дәрежесі бойынша бағала:

  1. Тұрғындарға ауыз суға қолжетімділігі.

  2. Орман алқабының қысқару процесі.

Cабақтың қорытындысы:
Білім алушылар бүгінгі тақырыпқа байланысты өз ойларымен бөлісіп, бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп бүгінгі сабақты қорытындылайды. Жіберілген қателерді талдау
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Бағалау
Оқу мақсатын талдай отырып,сабақта белсенділік көрсеткен әрі дұрыс жауап берген білім алушыларды бағалау
Үй тапсырмасы:
1.Геоэкологиялық аудандастыру қандай факторларға негізделеді?
2.Геоэкологиялық аудандастыру бізге қандай ақпараттар береді?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет