Цилиндр, конус, қиық конус, шардың көлемін анықтауды игеру
Беттер аудандары және көпжақтар (пирамида, призма және олардың түрлері) және айналу денелерінің (конус, цилиндр, шар) көлемдерін есептейді
1) Цилиндр, конус, қиық конус, шардың көлемін табу формуласын қолданады;
2) Көпжақтар мен айналу денелерінің көлемдерін таба алады және есептеу үшін есептер шығарады.
3) Көпжақтар мен айналу денелерінің бүйір және толық бетін есептей алады;
І.Ұйымдастыру кезеңі а) Психологиялық ахуал тудыру.
б) Топқа біріктіру:«Үштік» әдісі арқылы
ІІ. Өткен тақырыпқа шолу: Егер берілген нүктеден барлық қабырғаларына дейін 3 см, ал үшбұрыш қабырғасы 2 см тең болса, берілген нүктеден дұрыс үшбұрыш жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.
SH=3 см
AB= 2 см
SO=?
Шешуі: OH – дұрыс үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы.
r= ;
OH=
SO2=SH2-OH2 SO= =2
Жауабы:2 см
Студенттерге сұрақ қою арқылы тақырыпты ашу
2. Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Шардың және оның бөліктерінің көлемі Анықтама. Шардың центрі арқылы өтетін жазықтық оның симметрия жазықтығы болғандықтан, алдымен жарты шар көлемін анықтап, оны екі еселесек, жеткілікті.
Радиусы R – тең жарты шарды 1 – суретте көрсетілгендей етіп орналастырамыз. Онда 𝑆(𝑥) қимасы ауданы x (𝑥∈[0;𝑅]) айнымалысына тәуелді функция болады.
Енді осы функцияны анықтайық. 𝑂𝐴=𝑂𝐵=𝑅, 𝑂𝐶=𝑥 болғандықтан, қима радиусы 𝐶𝐵=√(〖𝑂𝐵〗^2−〖𝑂𝐶〗^2 )=√(𝑅^2−𝑥^2 ) теңдігімен анықталады. Осыдан қима ауданы 𝑆(𝑥)=𝜋(𝑅^2−𝑥^2) функциясына тең. Олай болса, жарты шар көлемі