Мәтінде қандай ағаш туралы айтылған?
А) қарағай В) қайың С) қарағаш Д) қарақат
Қарамен жазылған сөздің мағынасын табыңыз
А) санасына В) ойына С) басына Д) жүрегіне
Қапан іштей қандай сөзді қайталай берді? А) Мен сындырған жоқпын, ата. В) Ағаштың жаны, жүрегі жоқ
С) Мені кешіріңіз, ата. Д) Енді сындырмаймын, ата!
Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақалды көрсетіңіз А) Табиғат- тал бесік.
В) Табиғат- жер байлығы, батырлар- ел байлығы.
С) Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ. Д) Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты.
2 мәтін
Қайырымды балалар
Сәулет көкке қарады. Қарлығаштар төмен құйылып, кеудесімен жер соға жаздап барып, қайта көтерілді. Келбет екеуі біраз қарап тұрды. Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр.
Ой!- деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап. - Әне, ана балапанды қарашы.
Қане, қайсы, қай жерде?
Әне, байқа, басып кетпе.
Келбет келіп қалды. Кіп- кішкентай тұмсығын жерге тіреп, қызылшақа балапан жатыр.
Көздерін ашып- жұмып, дір- дір етеді. Сәулет балапанды алақанына салып көрді. - Ұядан ұшып түскен ғой,- деді.
Тірі ме?
Иә, тірі сияқты.
Бізден қорқып тұрған шығар.
Онда ұясына салайық,- деді де, сатыны әкеп, үйдің қабырғасына сүйеді. Сатыға шығып, балапанды ұяға салды.
Сәулет пен Келбет сатыны алған соң қарлығаштар ұяға қонды. Манағыдай емес, көңілді. Көкке көтеріліп, балалардың төбесінен екі- үш айналып өтті.
5.Мәтіндегі балаларға тән қасиетті көрсетіңіз
А) мейірімділік В) өзімшілдік С) өжеттік Д) қатыгездік
Достарыңызбен бөлісу: |