Оқу сауаттылығы ІІІ нұсқа Туризм: экотуризм 1-мәтін



бет3/6
Дата31.12.2021
өлшемі34,29 Kb.
#21502
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
sabaq-kz attachment ou-sauattylyy-test

Сені бәрі түсінеді. Өзің барған елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорқушы болма. Пауло Коэльо көптеген елдерде болды. Ол сол елдің бірауыз сөзін білмесе де, әрдайым көмек қолын созатындарды тапты. Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды. Өзің тоқтаған қонақ үйдің визитті картасы қалтаңда болса – қорқатын дәнеме жоқ. Кез келген жүргізушіге көрсетсең, керек жеріңе уақытында жеткізеді.

  • Саяхат – бұл шытырман оқиғалар.Бірақ жаттанды жолдармен жүру – жаңалық емес. Өзіңді еркін сезін, өзің әлі білмейтін дүниені іздеп тап, бұл сенің өміріңді өзгертуі мүмкін…

    11.Кім әлем елдеріне саяхат жасау үшін ереже ұсынды

    А) Джек Лондон В) Эймел Риос С) Пауло Коэльо Д) Антон Митин Е) Фридрих Генри


    12. Нешінші ереже?

    Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыққа, өмір сапасына, транспортқа. Ешбіріне! Сен өзіңнің жақсы өмір сүретініңді дәлелдеу үшін саяхат жасамайсың. Өзгенің өмірімен етене таныс, үйренетіңді алып, жиренетініңнен бас тарт!

    А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5


    13. Ең мықты гид-

    А) көлік жүргізушісі

    В) сол ауданның әкімі

    С) оқытушы

    Д) жергілікті тұрғын

    Е) көшедегі жаяу жүргінші


    14. Қай ережелерде кездеседі?

    Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды.

    Өзіңді еркін сезін.

    А) бірінші, екінші В) екінші, үшінші С) үшінші, төртінші Д) төртінші, бесінші Е) бесінші, бірінші


    15. Ережелерде кездесетін сұрақ?

    А) Сен ағылшын тілін білесің бе?

    В) Қайда баруға болады?

    С) Маған жол көрсете аласыз ба?

    Д) Қай көшеде тұрмын?

    Е) мен баратын жер алыс па?

    4-мәтін.          Алматыға ат басын бұрған туристер де қала күніне арналған мерекелік шаралардан шет қалмайды. Қала мерекесіне орай «Алматы-сити-тур» компаниясы шетелдік азаматтарға арнайы жоба дайындапты. Олар туристерге қаланы көрсетіп, мәдени орталықтармен таныстыруда. Шетелдік туристер Алматының тарихи-мәдени орталықтарында болып, қазақ елінің оңтүстік астанасымен етене танысқан.
    28 жастағы Еймел Риос — Куба азаматы. Бұл оның Қазақстанға алғаш рет келуі емес. Жұбайымен бірге елімізге келген олар қыркүйектің басынан бері Алматыны аралап, қаланың көркіне қаныққан.

           — Алматы өте қатты ұнады. Мен қазір 28-панфиловшылар саябағында тұрмын. Саябақ тарихи өте маңызды екен. Мынау тау Алматының көркін асқақтатып тұрғандай. Шынымды айтсам, реті келіп жатса, әлі де қайтып келемін деп ойлаймын, — деп ағынан жарылды Еймел Риос.


    Бұл шет елден келген азаматтарды «Алматы-сити-тур» компаниясы тасымалдауда. Олар қала күні аясында туристерге Алматыны көрсетіп, алдағы күні өтетін мерекелік кештер жөнінде құлақтандырып жүр.

    Ал  «Almaty City Tour» компаниясының директоры Антон Митин:



    -Қала күні аясында біз туристерге арнап арнайы жоба әзірледік. Ол шетел азаматтарына Алматының тарихын біліп, қаланы тамашалауға мүмкіндік береді. Тек туристер емес, Алматыға алғаш келген өзіміздің азаматтар болса да біздің көмегімізге жүгінсе болады. Туристер бүгін де қаланың тарихи мәдени орталықтарын аралады. Медеу мұз айдынына шықты, Шымбұлақ тау-шаңғы курортына көтерілді. Тіпті, оларға түрлі демалыс орталықтарына арналған жеңілдік купондары да тыбыс етілді, — деді.

            — Негізі біздің компания туристерді тасымалдаумен айналысады. Жобадан бөлек, еліміздің қай жеріне барсаңыз да, біздің көмегімізге жүгіне аласыз. Ірі қалалар мен облыс орталықтарында бөлімшелеріміз жұмыс істейді, — деп жалғастырды «Almaty City Tour» компаниясының қызметкері Еламан Рақымберді.

             Шетелдік азаматтарға арнап осындай тамаша экскурсия ұйымдастырған «Алматы сити тур» компаниясы осыған дейін де 500-ге жуық туристке қаланы таныстырған. Бұл  жобаның басты мақсаты қазақ жеріне туристерді барынша тарту.

    16. Арнайы жоба жасаған компания

    А) Алматы- Тоурес В) Алматы-сити-тур С) Гульнур турагентігі

    Д) Алматы-туризм Е) Алматы-тур-сервис


    17. Туристерге қаланың тарихи мәдени орталықтарын аралатып, Медеу мұз айдынына, Шымбұлақ тау-шаңғы курортына апарған қай компания?

    А) Алматы-сити-тур В) Гульнур турагентігі С) Алматы-туризм Д) Алматы-тур-сервис

    Е) Алматы-сити-тоурес
    18. «Алматы сити тур» компаниясының мақсаты не?

    А) ақша үшін туристерді жинау

    В) елімізді көркейту үшін үлес қосу

    С) қазақ жеріне туристерді барынша тарту

    Д) өздерін шетелдіктерге таныстыру

    Е) жақсы жұмыс жасау


    19. Кімнің сөзі?

    Мен қазір 28-панфиловшылар саябағында тұрмын. Саябақ тарихи өте маңызды екен.

    А) Антон Митин В) Алексей Зоргин С) Эймел Риос Д) Пауло Коэльо Е) Антонио Гонсалиес


    20. Ірі қалалар мен облыс орталықтарында бөлімшелерінің жұмыс жасайтынын айтқан кім?

    А) Антон Митин В) Эймел Риос С) Алтынбек Сахиев Д) Еламан Рақымберді Е) Алексей Зоргин





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет