Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз


Мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келетін нұсқа



бет2/3
Дата16.10.2023
өлшемі20,53 Kb.
#116006
1   2   3
Байланысты:
Оқу сауаттылығы айлық тест №1

3. Мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келетін нұсқа
А) Табиғат – туған үйіміз. В) Аяласаң, табиғатты аяла.
С) Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ. Д) Жер – ана, ел – бала.
Е) Табиғат – тал бесік.


4. Мәтін мазмұнындағы «Қызыл кітапқа» енген тіршілік түрлерінің саны
А) 5 В) 3 С) 7 Д) 6 Е) 4


5. Табиғатты қорғау үшін жасалған жұмыстың нәтижесі
А) Халықаралық одақтың жанды тіршілікті қолға алуы
В) Қызыл кітаптың жарық көруі
С) Комиссияның құрылуы
Д) Қызыл түстің таңдап алынуы
Е) Комиссияның қызметі


6. «Қара кітапқа» хатталғандар
А) Сирек кездесетін тіршілік иелері
В) Жойылып бара жатқан түр
С) Қысқарып бара жатқан түр
Д) Анықталмаған тіршілік иелері
Е) Жойылып кеткен тіршілік


3-мәтін
1. Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз «Сұлудың көркі – шаш, шаштың көркі – шаштеңге» деп есептеген. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалаған. Әйел шашы табиғатына қарай «қолаң шаш, сүмбіл шаш», өріміне қарай «жалғыз бұрым, қос бұрым» деп аталады. Оның әр талын «жібектей» деп, өрілген бұрымды «білектей» деп көркем сөзбен кестелеген. Ұзындығы тілерсек соғатын, алтын, күміс, шолпы тағылатын сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі арттыра түседі. Абай: «Қолаң қара шашы бар жібек талды», Ақан сері: «Сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа сүйек», - деп әнге қосып, таңданған.
2. Шаш күтімі, оны тарау, өсіру, өру – үлкен бір тәрбиелік мектебі. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі кұлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» деген халық өлеңіндегі ғажап сурет - осының бір дәлелі. Шашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын, тағатын зергерлік әсем бұйымдар бар. Шашты тарау үшін сиыр мүйізінен жасалған, тісі әтарақ қолданылған. Шашты жалтырату үшін шашмай жаққан.
3. Шолпы – шашқа тағатын және оның сәнін келтіретін сәндік бұйымдардың ішіндегі ең асылы. Шолпының түрлері өте көп: қоңыраулы шолпы, үзбелі шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, сылдырмақ шолпы, көзді шолпы, алтын шолпы, күміс шолпы.
4. Ұзын шашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген кезде күн сәулесіне шағылысып, көздің жауын алады. Әсем аяқ алысына үн қосып, ару сыны мен сымбатын арттыра түседі. Мұндай сұлуды халқымыз «сыңғырлаған күлкісіне күмбірлеген шолпысы үн қосады» деп ардақтаған. Шолпының күміс, алтын теңгелерден тізбелеп жасаған түрі – шаштеңге. Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе шаш ұшына байланады.
5. Өмірден түйгені мол дана халқымыз: «Шолпы таққан қыздардың басы ауырмайды, шашы ұзын әрі сұлу, берік болып өседі, ерте түспейді», - деп жорамалдаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет