Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз


Мәтіннің үшінші бөлімінде берілген ақпарат



бет16/59
Дата25.04.2022
өлшемі136,15 Kb.
#32234
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Байланысты:
Оқу сауаттылығы (1)

37. Мәтіннің үшінші бөлімінде берілген ақпарат

А) Аң стиліндегі өнер стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады.

В) Бейнелеу әдістерінің көбі заттарды, киімдерді әшекейлеу үшін қолданылды.

С) Б.з.б.VІІ-VІ ғасырларда аң стилі деп аталатын өнер қалыптасты.

Д) Бізге дейін жеткен бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалды.

Е) Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырай бастады.


9-мәтін

Інжір

1. Жегенде дәмі тіл үйіретін, ішінде топырақ тәрізді тұқымдары бар жеміс сізге таныс па? Біздің елімізде көп жағдайда кептірілген түрі кездесетін інжір жемісі туралы қызықты деректерге көз жүгіртіңіз.

2. Ескендір Зұлқарнайын әскери жорықтар кезінде өзімен бірге кептірілген інжір алып жүретін болған. Себебі ол мол күш-қуат береді әрі жүк арасында көп орын алмайды. Дәрігер ғалым Ибн Сина бұл жемістің емдік тұрғыдан қарағанда аса құнды екенін байқады. Інжірдің ондаған аурумен күресуге, олардың алдын алуға септігі тиеді. Қазіргі заманауи медицина да Ибн Синаның тұжырымын растайды. Әсіресе, жөтелге қарсы және іш өткізгіш дәрі ретінде жақсы қолданылады. Інжір мидың қызметін күшейтетін триптофанға бай. Тек ол ғана емес, жүйке жүйесі нашарлағанда және күйзелістен арылуға көмектеседі, ұйқыны қалыпқа келтіреді, депрессиядан тез шығып, түрлі жағдайды бірқалыпты қабылдауға сеп болады, көңіл күйді жақсартады. Басқа да А, В, С, РР секілді дәрумендерге, микроэлементтерге, ақуыз бен көмірсуға бай. Әсіресе, құрамында калий мен темір көп ол қаназдықты емдеуге, жүрек пен қан тамырлары жұмысын жақсартуға қолданылады. Етті інжірде 1%, кепкен інжірде 6%, ақуыз бар, сол себепті бұл тағамды вегетериандықтар да сүйсініп жейді.

3. Біздің заманымыздан бұрынғы 372 жылы дүниеге келіп, «ботаниканың атасы» ретінде танылған Теофраст інжірдің жүздеген сортын сипаттаған. Әрқайсысының жемісі өзіне тән өзгеше дәм беретін түрлі сорттағы ағаштардың әрқайсысы әр түрлі аталған. Жемісі аппақ жасылдан бастап қою күлгінге дейін түрлі түсте кездеседі, бірақ барлығыынң ішіндегі жұмсағы лағыл қызыл түсті, майда тұқымы көп болады.

Інжір ағашы ұзақ жасайтын өсімдікке жатады. 300-400 жыл бойы өнім береді. Оны гүл құмырасында да өсіруге болады, тек мұздап қалмауы керек. Інжірді қант диабетімен және құяңмен (тұз байлану) ауыратын адамдар, ас қорыту жүйесі бұзылған жандар қолданбағаны дұрыс.

Інжірдің сапасы ішіндегі тұқымының көп болуымен бағаалнады. Бәрінен де Самарқан інжірі ең дәмді саналады. Мысыр патшайымы Клеопатра да бұл жемісті сүйіп жеген әрі ол күш пен сұлулық береді деп сенген. Адамдар арасында інжірді жатын бөлмесіне қойса, бақытты отбасы боласың, ал кеңсеге қойсаң, қызметте жетістікке жетесің деген сенім бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет