95. Қария жауабынан көрінетін салт-дәстүр
А) дастарқанды аттап өтпеу В) татулыққа шақыру С) үлкенді сыйлау
Д) дастарқаннан дәм тату Е) ортақ білімге келу
96. Соңғы бөлім мазмұнына жатпайтын нұсқа
А) ата салтты бұзу – әдепсіздік В) дастарқанды аттап кетпе
С) аталы сөзге тоқтау керек Д) салт ханға да, қараға да бірдей
Е) киіктің киелілігін таныту
97. Ханның ат басын кері бұруының себебі
А) киік киесінен қорқуы В) киікке жаны ашуы
С) киікті үйден шығара алмауы Д) қарияның сөзіне тоқтауы
Е) өз беделін ойлауы
98. Мәтін бойынша ханға қатысты дұрыс мәлімет
А) саясаткерлігімен танымал В) тасы өрге домалап тұрған
С) қарапйымдылығымен танылған Д) ақылымен аты шыққан
Е) қаттылығы елге мәлім
7.4-мәтін
1. Шекер ертеде «шекер қамысы» деп аталатын тропикалық өсімдіктен алынатын. 10 метрге дейін жететін бойын 20-25% шекер құрайды. Шекердің ең алғаш Полинезиядан Үндістанға өткендігі болжанады. Б.з.д. 510 жылы Үндістанды басып алған парсы билеушісі Дара еліне шекер жаңалығын алып келеді. Арасыз бал беретін шекер қамысы тез таралып, көптеп қарқын алады. Кейініректе Иранды басып алған арабтар да шекердің дәміне құнығып, өсіріп, ауқымды өндіріс түріне айналдырды. Батыстықтар басқа да көп нәрсемен бірге шекерді де арабтардан алды. Елдеріне қайтқан крест жорықшылары шығыстағы шекердің дәмін ұзақ айтып жүрді. Шекер – Мысыр, Кипр, Сицилия, Андалусия арқылы Еуропа елдеріне, кейін бұл жақтан Канар аралдары арқылы Америкаға жетті. ХVІ ғасырда толыққанды сауда құралына айналды.
2. 1309 жылы Лондонда 1 фунт шекердің бағасы бір адамның айлығына тең келетін (1 фунт=0,45 кг). Осы себепті күш жинасын деген мақсатта тек ауруларға ғана берілетін. Байлардың дастарқанының сәні де осы шекер болатын. Франция королі ІІІ Генри Венецияға келгенінде, оның құрметіне ұйымдастырылған салтанатта барлық табақта шекер ұсынылған. Сол замандары Венеция рафинадталған шекердің орталығы еді. Васко да Гама Үндістанға барып шекер саудасын жолға қойғанында, Венецияның шекер монополиясына үлкен соққы болды.
3. Христофор Колумб шекер өсіруге климаты ыңғайлы болған Кариб аралдарында шекер өсіре бастады. Осыдан кейін аралдар шекер қамысы плантацияларына айналды. Еуропаның шекер қажеттілігі осылайша өтеле бастады. Плантацияға жұмыс істетуге әлемнің түпкір-түпкірінен жұмыс қолы әкеліне бастады. Осы арада құлдар сауда-саттығы да үдей түсті.
4. ХVІІ ғасырдың орта кезіне қарай шекер барлық жақта дерлік танымал бола бастады. Шекерді кофе және какаомен бірге қайнатып ішу Еуропа байларының арасында сәнге айналды. Шекер саудасымен айналысқандардың жұмысының шыңға өрлегені соншалық, оны «Ақ алтын» деп атай бастады. Ұзақ жерлерден келетіндіктен және тапшы болғандықтан, оның бағасы қымбат болып, тек өнеркәсіп төңкерісі кезеңінен кейін ғана арзандады.
5. Франция императоры І Наполеон Еуропа құрлығын қоршауға алып, шекер жолдарын жапқанында, адамдар жаңа шекер көзін іздей бастады. Маргграф атты неміс ғалымының ашқан жаңалығы бұл мәселенің шешіміне айналды. Ол ақ қызылшадағы (қант қызылшасы) тәтті заттарды кристаландыруды үйреніп және мұның дәмі шекер қамысына тең келетінін анықтады. Шәкірті Ачард мұның өндірісін жоға қойып, алғашқы шекер фабрикасын 1802 жылы Силезияда ашты. Марграф қант қызылшасынан 1%, Ачард 4,5% шекер алуды жүзеге асырған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |